О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 627
- Қабылданған күні
- 14.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.10.2021 159536_542708.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21C0000627
- ЭКБ идентификаторы
- 159536
- Редакция идентификаторы
- 159536_542708
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:21
0 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы туралы ережеде:
14-тармақтың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) Ұлттық ұланның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану жоспарын, Қазақстан Республикасын қаруландырудың, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге, аумақтық қорғаныс міндеттерін жоспарлауға және орындауға қатысу;»;
14-тармақтың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«32) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен төтенше жағдаларды жою кезінде өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бас қолбасшылыққа басшылықты Бас қолбасшылыққа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы (бұдан әрі - Бас қолбасшы) жүзеге асырады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;