Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»

Бұйрық · № 627 · қабылданған 14.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2014-no-662-ekb-159536/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 627 ·14.10.2021
14.10.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 627 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
627
Қабылданған күні
14.10.2021
Көрсетілген редакция
14.10.2021 159536_542708.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21C0000627
ЭКБ идентификаторы
159536
Редакция идентификаторы
159536_542708
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:21

0 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы туралы ережеде:
14-тармақтың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) Ұлттық ұланның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану жоспарын, Қазақстан Республикасын қаруландырудың, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге, аумақтық қорғаныс міндеттерін жоспарлауға және орындауға қатысу;»;
14-тармақтың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«32) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен төтенше жағдаларды жою кезінде өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бас қолбасшылыққа басшылықты Бас қолбасшылыққа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы (бұдан әрі - Бас қолбасшы) жүзеге асырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелісін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы