Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»

Бұйрық · № 199 · қабылданған 02.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2014-no-662-ekb-179176/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 199 ·02.03.2023
02.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 199 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
199
Қабылданған күні
02.03.2023
Көрсетілген редакция
02.03.2023 179176_622994.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23C0000199
ЭКБ идентификаторы
179176
Редакция идентификаторы
179176_622994
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:17

0 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысы Полиция департаменті туралы ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 1.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 050030, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Красногорская көшесі 73 А.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (О.Ж. Жолдасов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің бастықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркеуші органдарда құрылтай құжаттарындағы өзгерістерді тіркеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы