О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 октября 2014 года № 662 «Об утверждении положений о ведомствах и территориальных органах Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 213
- Қабылданған күні
- 06.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2024 195306_695803.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24C0000213
- ЭКБ идентификаторы
- 195306
- Редакция идентификаторы
- 195306_695803
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:46
0 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті туралы ережеде (5-қосымша):
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Байқоныр» ауданы, С.Сейфуллина көшесі, 37-үй.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының Полиция департаменті туралы ережеде (54-қосымша):
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 161201, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 11-көшесі, 69-құрылыс.»;
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (Қ.С. Дүйсембеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;