О повышении размеров социальных выплат из Государственного фонда социального страхования с 1 января 2015 года
Қолданыста
Қаулы
·№ 1308
·
12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении размеров социальных выплат из Государственного фонда социального страхования с 1 января 2015 года
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1308
- Қабылданған күні
- 12.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2014 AI85081_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001308
- ЭКБ идентификаторы
- 85081
- Редакция идентификаторы
- AI85081_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:35
0 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2015 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттыру жүргізілсін.