О повышении размеров пенсионных выплат из уполномоченной организации с 1 января 2015 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении размеров пенсионных выплат из уполномоченной организации с 1 января 2015 года
- Атауы (қаз.)
- 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1309
- Қабылданған күні
- 12.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2014 AI85090_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001309
- ЭКБ идентификаторы
- 85090
- Редакция идентификаторы
- AI85090_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:34
0 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерін алушыларға, оның ішінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген, біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған, уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін.