Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении черты бедности на 1 квартал 2015 года

Бұйрық · № 326 · қабылданған 15.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2015-ekb-85294/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
Об определении черты бедности на 1 квартал 2015 года Күшін жойған Бұйрық ·№ 326 ·15.12.2014
13.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении черты бедности на 1 квартал 2015 года

Күшін жойған Бұйрық ·№ 326 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении черты бедности на 1 квартал 2015 года
Атауы (қаз.)
2015 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
326
Қабылданған күні
15.12.2014
Көрсетілген редакция
13.03.2015 AI85294_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010016
ЭКБ идентификаторы
85294
Редакция идентификаторы
AI85294_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:34

0 2015 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылғы 1 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «2014 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 73 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 9745 тіркелген және 2014 жылғы 1 қазандағы № 191 (27812) «Казахстанская правда» газетінде, 2014 жылғы 1 қазандағы № 191 (28414) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Әлеуметтік көмек департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы