Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 1 июля 2015 года № 29/363-V «Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в населенных пунктах Восточно-Казахстанской области»

Ереже · № 4/39-VII · қабылданған 23.04.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2015-no-29363-v/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 1 июля 2015 года № 29/363-V «Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в населенных пунктах Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған 22.08.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 1 июля 2015 года № 29/363-V «Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в населенных пунктах Восточно-Казахстанской области»

Күшін жойған Ереже № 4/39-VII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 1 июля 2015 года № 29/363-V «Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в населенных пунктах Восточно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/39-VII
Қабылданған күні
23.04.2021
Көрсетілген редакция
22.08.2022 155850_589632.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21V0008721
ЭКБ идентификаторы
155850
Редакция идентификаторы
155850_589632
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:27
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде

қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын
бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4028, 2015 жылғы 21 шілдеде «Дидар», 2015 жылғы 22 шілдеде «Рудный Алтай» газеттерінде, 2015 жылғы 27 шілдеде «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары

Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі
№ 4/39-VII шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі
№ 29/363-V шешімімен
бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында әзірленді.

2. Осы Қағидалар облыс елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін айқындайды.

2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарына мiндеттi медициналық тексерiп-қараудан өткен адамдар жіберіледі.

5. Жалпы пайдаланудағы қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) адамдардың алып жүруінсіз жүрген иттер мен мысықтар, иелері байлап қалдырғандарынан басқа, қаңғыбас деп есептеліп, аулануға жатады.

6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің негізінде жүргізіле алады.

7. Қаңғыбас иттер мен мысықтар:

тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында;
олардың санын реттеу:
иелеріне қайтару;
оларды орналастыру мақсатында ауланады.

8. Жергілікті атқарушы органдар ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды, олардың тиесiлiгi анықталғанға дейін, оларды бағу үшiн қажеттi жағдайы бар адамға тапсыруы мүмкiн.

Егер екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса, ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эвтаназиялауға жатады.

9. Иттер мен мысықтардың өлекселерін тасымалдау қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың арнайы жабдықталған автокөлігімен жүзеге асырылады.

10. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін жою мал қорымдарында (биотермиялық шұңқырлар), инсинераторларда (өлекселерді өртейтін пеш) жүзеге асырылады.

11. Жол берілмейді:

тұрғын үй-жайларда, жеке тұрғын үй қорындағы үйлердің қоршалған аумақтарында, иелерінің өтініштерін қоспағанда, иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға;
қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселерін лақтырып тастауға және оларды рұқсатсыз көмуге.

3. Осы Қағидаларды бұзғандық үшін жауапкершілік

12. Осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.