О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 октября 2015 года № 294 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 октября 2015 года № 294 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»
- Атауы (қаз.)
- «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 294 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 103
- Қабылданған күні
- 11.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2020 102023_471980.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003737
- ЭКБ идентификаторы
- 102023
- Редакция идентификаторы
- 102023_471980
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:40
0 «Туризм саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтердің
регламенттерін бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы
№ 294 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы №294 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3390 болып тіркелген, 2015 жылдың 5 қарашасында «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының 1-тармағының 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» деген 1-қосымшада:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1-тармақтың 1) тармақшасында «Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – Орталық)» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)» деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығымен», «Орталыққа», «Орталықтың», «Орталық» деген сөздер тиісінше «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияның», «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» деген 2 – қосымшада:
орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тіліндегі мәтіннің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;
3-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру.»;
«2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау» деген тарауда:
5 - тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«көрсетілген қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығымен бекітілген «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен қарастырылған өтініштің қабылданғаны жөнінде талон береді және 20 минут ішінде өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады;»;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тіліндегі мәтіннің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне».
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1)осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2)осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Д. Сатыбалды
Е. Садыр
Ұ. Сәдібеков
С. Тұяқбаев
К. Мендебаев