О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 октября 2015 года № 294 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 октября 2015 года № 294 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 294 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 282
- Қабылданған күні
- 09.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2020 137017_471938.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19U0005291
- ЭКБ идентификаторы
- 137017
- Редакция идентификаторы
- 137017_471938
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:28
0 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 294 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы
15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы
№ 294 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3390 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» деген 1-қосымшасындағы:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1 тармақтың 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
1 «1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
(бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» деген 2-қосымшасындағы:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1 тармақтың 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
1
«1. «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.».
2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И.Мырзалиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ.Қ.Айтмұхаметов
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ж.Е.Аманбаев
С.А.Қалқаманов
М.И.Мырзалиев
Ұ.Қ.Тәжібаев
А.А.Абдуллаев
А.Б.Тасыбаев
«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы №;294 Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы «____» _______________№____ қаулысына.