Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 апреля 2015 года № 299 «Об утверждении Правил проведения комплексной вневедомственной экспертизы технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации, предназначенных для строительства новых, а также изменения (реконструкции, расширения, технического перевооружения, модернизации и капитального ремонта) существующих зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций независ

Бұйрық · № 162 · қабылданған 30.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2015-no-299-ekb-141007/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 апреля 2015 года № 299 «Об утверждении Правил проведения комплексной вневедомственной экспертизы технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации, предназначенных для строительства новых, а также изменения (реконструкции, расширения, технического перевооружения, модернизации и капитального ремонта) существующих зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций независ Күшін жойған 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 апреля 2015 года № 299 «Об утверждении Правил проведения комплексной вневедомственной экспертизы технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации, предназначенных для строительства новых, а также изменения (реконструкции, расширения, технического перевооружения, модернизации и капитального ремонта) существующих зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций независ

Күшін жойған Бұйрық № 162 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 апреля 2015 года № 299 «Об утверждении Правил проведения комплексной вневедомственной экспертизы технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации, предназначенных для строительства новых, а также изменения (реконструкции, расширения, технического перевооружения, модернизации и капитального ремонта) существующих зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций независ
Атауы (қаз.)
«Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
162
Қабылданған күні
30.03.2020
Көрсетілген редакция
01.07.2026 141007_827554.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020242
ЭКБ идентификаторы
141007
Редакция идентификаторы
141007_827554
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:25
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
1 сәуірдегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында сарапшылар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тапсырыс берушілерден және жобаның әзірлеушілерінен қажетті материалдарды және ақпаратты сұратады және алады;
1-1) II, III және IV санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлігінде материалдардың Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10903 болып тіркелген) Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандары және оларды толтыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 162-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8559 болып тіркелген) Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілі тізімі талаптарына сәйкестігін қарайды;
2) осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген тәртіппен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру бөлігіндегі ескертулерді қоса алғанда дәлелді ескертулерді жою мақсатында оларды береді.»;
69-20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69-20. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сараптамалық сүйемелдеу режимінде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу процесінде қаралып отырған құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымына:
сараптама ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 19 (он тоғыз) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнінен;
сараптаманың ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді ескертулер жібереді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның дәлелді ескертулері ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылардың ескертулерімен бірге тапсырыс берушіге жіберіледі және осы Қағидалардың 69-14-тармағында көрсетілген мерзімде жоюға жатады.
Дәлелді ескертулерді белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы жасалады.»;
69-23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69-23. Мемлекеттік сараптама ұйымы осы Қағидалардың 69-22-тармағында көрсетілген құжаттаманы:
ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 40 (қырық) жұмыс күнінен;
ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен;
ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнінен;
ведомстводан тыс кешенді сараптама ұзақтығы 10 (он) жұмыс күнінен аспаған кезде сараптама жұмыстары басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде береді.»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат (ЖСҚ үшін), келесі жағдайларды қоспағанда:
егер инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектісі (желілік объектілер) мемлекеттік орман қоры жерлерінде орналасқан болса – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 18-02/45 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10481 болып тіркелген) Орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін орман қоры жерлерінің санатынан басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларына сәйкес орман қоры жерлерін бір санаттан басқа санатқа ауыстыруды мақұлдау туралы комиссияның оң қорытындысы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісім ұсынылады;
егер су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы объектілерін салу, жайластыру және олардың жұмыс істеу, қорғаныс мұқтаждары объектісі оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жағдайында – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 Қаулысымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның келісімі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар келісімі ұсынылады;
егер инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектісі (желілік объектілер) мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарының аумағында орналасса – Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 11 мамырдағы № 399 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның келісімі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар келісімі ұсынылады.
жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісу (ТЭН үшін);».

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.