Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 июня 2015 года № 346 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам направления на обучение за рубеж, в том числе в рамках международной стипендии «Болашак»

Бұйрық · № 141 · қабылданған 09.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2015-no-346/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 июня 2015 года № 346 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам направления на обучение за рубеж, в том числе в рамках международной стипендии «Болашак» Күшін жойған Бұйрық ·№ 141 ·09.04.2019
26.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 июня 2015 года № 346 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам направления на обучение за рубеж, в том числе в рамках международной стипендии «Болашак»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 141 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 июня 2015 года № 346 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам направления на обучение за рубеж, в том числе в рамках международной стипендии «Болашак»
Атауы (қаз.)
«Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
141
Қабылданған күні
09.04.2019
Көрсетілген редакция
26.05.2020 130632_468748.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018506
ЭКБ идентификаторы
130632
Редакция идентификаторы
130632_468748
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:28

0 «Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11533 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:
1-рәсім – құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері құжаттарды қабылдайды, өтінішті тіркеп, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОҚБ-ға орындау үшін тапсырады;
2-рәсім – ОҚБ құжаттың толықтығын, бұған дейінгі төлемнің болуын және стандартқа 2-қосымшада көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының шығыстарын растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеріп, ҚҰБ-ға 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісуге тапсырады;
3-рәсім – ОҰБ көрсетілетін қызметті алушының деректерін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиаты мәртебесінің болуына тексереді, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметті ұсынады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісілген өтінішті ОҚБ-ға қайтарады;
4-рәсім – ОҚБ шығыстарды өтеу ведомосын дайындайды және ОҰБ-дан өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде оны басшылыққа бекітуге жібереді;
5-рәсім – басшылық бекіткеннен кейін ОҚБ шығыстарды өтеу ведомосын құжаттарды қабылдау-тапсыру тізілімі бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде бухгалтерияға тапсырады;
6-рәсім – бухгалтерия көрсетілетін қызметті алушының банк шотына шығыстарды өтеу бойынша соманы ОҚБ-дан бекітілген ведомосты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аударады.»;
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1, 2 және 3-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Р.А. Биғариға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ 141 бұйрығына
1-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Рә­сім­дер (іс-әре­кет­тер) №
1
2
3
4
5
6
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше ата­уы
Құ­жат­тар қа­был­дау жө­нін­де­гі бө­лім­ше
Оқу­ды қар­жы­лан­ды­ру жө­нін­де­гі бө­лім­ше (ОҚБ)
Оқу­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі бө­лім­ше (ОҰБ)
Оқу­ды қар­жы­лан­ды­ру жө­нін­де­гі бө­лім­ше (ОҚБ)
Оқу­ды қар­жы­лан­ды­ру жө­нін­де­гі бө­лім­ше (ОҚБ)
Бух­гал­те­рия
Рә­сім си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу және оны оқу­ды қар­жы­лан­ды­ру жө­нін­де­гі бө­лім­ше­ге тап­сы­ру
Құ­жат­тың то­лық­тығ­ын, олар­дың стан­дарт­қа 2-қо­сым­ша­да көр­се­ті­л­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның шы­ғы­ста­рын рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне сәй­кест­і­гін тек­се­ру
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе­рін «Бо­ла­шақ» ха­лы­қа­ра­лық бағ­дар­ла­ма­сы сти­пен­ди­а­ты мәр­те­бе­сі­нің бо­луы­на тек­се­ру, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны ор­на­ла­сты­ру және оқы­ту бой­ын­ша мә­лі­мет­ті ұсы­ну
Шы­ғы­стар­ды өтеу ве­до­мо­сын дай­ын­дау және ве­до­мо­сты бас­шы­лық­та бе­кі­ту
Шы­ғы­стар­ды өтеу ве­до­мо­сын құ­жат­тар­ды қа­был­дау-тап­сы­ру ті­зі­лі­мі бой­ын­ша бух­гал­те­ри­я­ға тап­сы­ру
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның банк шо­ты­на шы­ғы­стар­ды өтеу со­ма­сын ауда­ру
Орын­дау мер­зім­де­рі
1 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
2 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні

2 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ 141 бұйрығына
2-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
.

3 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ 141 бұйрығына
3-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Қолданыстағы