О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 1 октября 2015 года № 350 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг в Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 1 октября 2015 года № 350 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг в Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 350 «Ақтөбе облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 476
- Қабылданған күні
- 04.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2020 136724_460481.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19C0006521
- ЭКБ идентификаторы
- 136724
- Редакция идентификаторы
- 136724_460481
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:32
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 350 «Ақтөбе облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 2-тармағының 4-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 350 «Ақтөбе облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4552 тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну Қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ақтөбе облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының
2-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қызмет көрсету тәртiбiн, шарттары мен коммуналдық қызмет көрсету (бұдан әрі - қызмет көрсету) ақысын белгiлейдi, сондай-ақ, Қызмет беруші мен Тұтынушылардың құқықтарын айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
2) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) қызмет беруші – ақылы түрде қызмет көрсетуші, тауар (қызмет) өткізуші (көрсетуші) жеке немесе заңды тұлға;
4) тұтынушы – Өнім берушілердің тиісті аймақта көрсететін қызметтерін пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға;
5) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын сатуды жүзеге асыратын ұйым;
6) энергия беруші ұйым – электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым.»;
4-тармақта:
үшінші абзац алып тасталсын;
5-тармақта:
«келтіру» сөзі «келуi тиiс» сөздеріне ауыстырылсын;
8-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Кондоминиум объектісін басқару органы қызмет көрсетудi дербес (тиісті рұқсат болған жағдайда) және (немесе) энергия берушi немесе осындай қызмет түрiне лицензиясы (рұқсаты) бар басқа мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргiзе алады.»;
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жылу – жылу энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі немесе дәнекерлі тігіс бойынша;»;
25-тармақтың 2) тармақшаcында «вольт» сөздері «Ватт» сөздеріне ауыстырылсын;
30-тармақ алып тасталсын;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Қызмет беруші мен Тұтынушы арасындағы қарыздарға байланысты барлық даулы мәселелер заңнамамен белгіленген тәртіпте шешiледi.».