О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 1 июля 2015 года № А-7/313 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Акмолинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 1 июля 2015 года № А-7/313 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Акмолинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-7/313 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-8/359
- Қабылданған күні
- 29.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2021 133926_596366.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19B0007317
- ЭКБ идентификаторы
- 133926
- Редакция идентификаторы
- 133926_596366
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:59
0 «Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-7/313 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабындағы 17-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-7/313 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақмола облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары»;
1-қосымша, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-қосымшада:
2-тармақтың 3) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Мұратұлына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ А-8/359 қаулысына
қосымша
Ақмола облысында коммуналдық
қалдықтардың түзілу және
жинақталу нормаларын
есептеудің қағидаларына
1-қосымша
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
6
Емханалар
1 келіп кету
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
14
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы 1 м2
15
Машиналардан сату
сауда орнының 1 м2
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
17
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
18
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
19
Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
20
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
21
Жағажайлар
Жалпы алаңы 1 м2
22
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
23
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
24
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
25
Гараж кооперативтері
1 гаражға
26
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
27
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
28
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
29
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
1 жұмыс орны
30
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
31
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
32
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске