Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 июля 2015 года №198 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Қаулы · № 288 · қабылданған 10.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2015-no198/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 июля 2015 года №198 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи» Күшін жойған Қаулы ·№ 288 ·10.11.2016
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 июля 2015 года №198 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Күшін жойған Қаулы ·№ 288 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 июля 2015 года №198 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі №198 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
288
Қабылданған күні
10.11.2016
Көрсетілген редакция
30.06.2020 108040_471776.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16U0003899
ЭКБ идентификаторы
108040
Редакция идентификаторы
108040_471776
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:19

0 Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2015 жылғы
1 шілдедегі №198 «Тұрғын үй
көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламентін
бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі №198 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3291 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді немесе көрсетілетін қызметті алушымен не оның өкілімен құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды).».

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.

Д.А.Сатыбалды
Е.А.Әлімқұлов
Ж.Қ.Бөкенбаев
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
С.Қ.Тұяқбаев
Р.Ж.Мулкеманов
К.Н.Мендебаев

Қолданыстағы