Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 июля 2015 года №203 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере технического и профессионального образования»

Қаулы · № 111 · қабылданған 29.04.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2015-no203/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 июля 2015 года №203 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере технического и профессионального образования» Күшін жойған Қаулы ·№ 111 ·29.04.2016
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 июля 2015 года №203 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере технического и профессионального образования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 111 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 1 июля 2015 года №203 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере технического и профессионального образования»
Атауы (қаз.)
«Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
111
Қабылданған күні
29.04.2016
Көрсетілген редакция
30.06.2020 103273_471820.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16U0003753
ЭКБ идентификаторы
103273
Редакция идентификаторы
103273_471820
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:21

0 «Техникалық және кәсіптік

білім беру саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі
№ 203 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі №203 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3282 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті» деген 1-қосымшасында:
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
көрсетілген қаулының «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің регламенті» деген 2-қосымшасында:
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
көрсетілген қаулының «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті» деген 3-қосымшасында:
«1. Жалпы ережелер» деген тарауда:
1-тармақтағы «халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі-Орталық)» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)» деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығымен», «Орталыққа», «Орталықтың», «Орталық» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік корпорациясымен», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияның», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.С.Сәдібековке жүктелсін.

Д.А.Сатыбалды
Е.Ә.Садыр
Ұ.С.Сәдібеков
С.Қ.Тұяқбаев
К.Н.Мендебаев

Қолданыстағы