Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 июня 2016 года № 276 «Об утверждении Положения о Комитете по государственным закупкам Министерства финансов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 40 · қабылданған 19.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2016-no-276-ekb-118300/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 июня 2016 года № 276 «Об утверждении Положения о Комитете по государственным закупкам Министерства финансов Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 40 ·19.01.2018
24.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 июня 2016 года № 276 «Об утверждении Положения о Комитете по государственным закупкам Министерства финансов Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 40 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 июня 2016 года № 276 «Об утверждении Положения о Комитете по государственным закупкам Министерства финансов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40
Қабылданған күні
19.01.2018
Көрсетілген редакция
24.01.2020 118300_442325.kaz
Соңғы өзгеріс
24.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G18E0000040
ЭКБ идентификаторы
118300
Редакция идентификаторы
118300_442325
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:04

0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы

1 маусымдағы № 276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 276 бұйрығына

(«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті туралы ережеде:
14-тармақта:
Комитеттің функцияларында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулер жіберу;»;
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Комитеттің төрағасы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
5) Комитеттің заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;
6) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде штаттық кестені бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
8) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
9) Комитетті барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Комитеттің Төрағасы болмаған уақытта оның міндеттерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрі айқындайтын орынбасарларының бірі атқарады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (Ж.Б. Сапарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы