Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 1 сентября 2016 года № 775 «Об утверждении Квалификационных характеристик отдельных должностей специалистов государственных учреждений и казенных предприятий, общих для всех сфер деятельности»

Бұйрық · № 27 · қабылданған 04.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2016-no-775/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 1 сентября 2016 года № 775 «Об утверждении Квалификационных характеристик отдельных должностей специалистов государственных учреждений и казенных предприятий, общих для всех сфер деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 27 ·04.02.2021
04.02.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 1 сентября 2016 года № 775 «Об утверждении Квалификационных характеристик отдельных должностей специалистов государственных учреждений и казенных предприятий, общих для всех сфер деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 27 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 1 сентября 2016 года № 775 «Об утверждении Квалификационных характеристик отдельных должностей специалистов государственных учреждений и казенных предприятий, общих для всех сфер деятельности»
Атауы (қаз.)
«Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27
Қабылданған күні
04.02.2021
Көрсетілген редакция
04.02.2021 152723_508525.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022165
ЭКБ идентификаторы
152723
Редакция идентификаторы
152723_508525
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:38

0 «Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен

қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14281 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
10. Тиісті санатты айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:
бiлiктiлiгi жоғары денгейдегі маман:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен бiрiншi санатты инженер лауазымындағы кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтілі;
бiрiншi санатты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен екiншi санатты инженер лауазымындағы кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс өтілі;
екiншi санатты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен инженер лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі;
бiлiктiлiгi орта денгейдегі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта бiлiмнен кейінгі білім мен бiрiншi санатты инженерлік-техникалық лауазымдардағы кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтілі;
бiрiншi санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта бiлiмнен кейінгі бiлiм мен екiншi санатты инженерлік-техникалық лауазымдардағы кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс өтілі;
екiншi санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта бiлiмнен кейінгі бiлiм мен инженерлік-техникалық лауазымдардағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі.»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі маман:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы-экономикалық білім), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi маман:
техникалық және кәсiптiк (қаржы-экономикалық) (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі.
14. Тиісті санатты айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі маман:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы - экономикалық бiлiм) мен бiрiншi санатты бухгалтер лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
бiрiншi санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы - экономикалық бiлiм) мен екiншi санатты бухгалтер лауазымындағы кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс өтілі;
екiншi санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы - экономикалық бiлiм) мен санаты жоқ бухгалтер лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегi маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (қаржы - экономикалық) бiлiм мен бiрiншi санатты бухгалтер лауазымындағы кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтілі;
бiрiншi санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (қаржы - экономикалық) бiлiм мен екiншi санатты бухгалтер лауазымындағы кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс өтілі;
екiншi санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (қаржы - экономикалық) бiлiм мен санаты жоқ бухгалтер лауазымындағы бойынша кемiнде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі.»;
17-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«17. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (заң білім) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (заң) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.»;
20-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«20. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (заң білім) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.»;
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
24. Тиісті санатты айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:
бiлiктiлiгi жоғары денгейдегі маман:
жоғары санатты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен бiрiншi санатты зертханашы лауазымындағы кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтілі;
бiрiншi санатты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен екiншi санатты зертханашы лауазымындағы кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс өтілі;
екiншi санатты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім мен санаты жоқ зертханашы лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі бiлiм және бiрiншi санатты зертханашы лауазымындағы кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтілі;
бiрiншi санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі бiлiм және екiншi санатты зертханашы лауазымындағы кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс өтілі;
екiншi санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі бiлiм және санаты жоқ зертханашы лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі.»;
27-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«27. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық, заң білім), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (экономикалық, заң) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.»;
30-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«30. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық, заң білім), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.»;
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық білім) немесе кәсіптік (техникалық) орта білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
34. Тиісті санатты айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі маман:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық бiлiм) мен бiрiншi санатты механик лауазымындағы кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтілі;
бiрiншi санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық бiлiм) мен екiншi санатты механик лауазымындағы кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;
екiншi санаттағы: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық бiлiм) мен санаты жоқ механик лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта бiлiмнен кейінгі білім мен бiрiншi санатты механик лауазымындағы кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтілі;
бiрiншi санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта бiлiмнен кейінгі білім мен екiншi санатты механик лауазымындағы кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс өтілі;
екiншi санатты: техникалық және кәсiптiк (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі бiлiм мен механик лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.»;
37-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«37. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (психология саласындағы бiлiм) мен бiрiншi санатты психолог лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтілі;
бiрiншi санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (психология саласындағы бiлiм) мен екiншi санатты психолог лауазымындағы кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 4 жыл жұмыс өтілі;
екiншi санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (психология саласында бiлiм) мен психолог лауазымындағы кемiнде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (психология саласындағы бiлiм), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.»;
40-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«40. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.»;
43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық білім) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (экономикалық) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
44. Тиісті санатты айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық бiлiм) және бiрiншi санатты экономист лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
бiрiншi санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық бiлiм) және екiншi санатты экономист лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;
екiншi санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономикалық бiлiм) және экономист лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
бiлiктiлiгi орта деңгейдегі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі бiлiм және бiрiншi санатты экономист лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
бiрiншi санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) бiлiм және екiншi санатты экономист лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;
екiншi санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі бiлiм және санаты жоқ экономист лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.»;
мынадай мазмұндағы 2-тараумен толықтырылсын:
«2-тарау. Мамандар лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші
45. Қызметшілер лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларының қосымшасында көрсетілген.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

0 Мамандар лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 4 ақпандағы
№ 27 бұйрығына
қосымша
Қызметшілер лауазымдарының
алфавиттік көрсеткіші барлық қызмет
салаларына ортақ мемлекеттiк
мекемелер мен қазыналық
кәсіпорындар мамандарының
жекелеген лауазымдарының
бiлiктiлiк сипаттамаларына
қосымша
Мамандар лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші
р/c№
Мамандар лауазымдарының атаулары
Беті
1.
Аудармашы
3
2.
Барлық атаудағы техниктер
4
3.
Барлық атаудағы инженер
6
4.
Бухгалтер
8
5.
Заңгер
10
6.
Заң консультанты
13
7.
Зертханашы (бiлiм беру және денсаулык сақтау ұйымдарының зертханашыларынан басқа)
14
8.
Кадр жөніндегі инспектор
16
9.
Кадр жөніндегі маман
17
10.
Механик
19
11.
Психолог (педагог-психологтан басқа)
21
12.
Социолог
23
13.
Экономист
24

Қолданыстағы