О внесении дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 1 апреля 2016 года № 90 «Об утверждении правил организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 1 апреля 2016 года № 90 «Об утверждении правил организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 «Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiптік кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 174
- Қабылданған күні
- 27.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2019 132002_407718.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19V0005990
- ЭКБ идентификаторы
- 132002
- Редакция идентификаторы
- 132002_407718
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:46
0 Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 «Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiптік кешені саласында
инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын
бекiту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 «Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4531 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде және 2016 жылғы 20 мамырда «Дидар», 2016 жылғы 19 мамырда «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларында:
аталған қағидалардың 5 қосымшасында:
инновациялық жобаны іске асыру бойынша үлгі шартта:
3 бөлім. Шарттың жалпы сомасы және қызметақы төлеу шарттары:
мынадай мазмұндағы 3.2.1. тармақпен толықтырылсын:
3.2.1 «3.2.1. Ұсынылған есептік құжаттардың дұрыстығына, оның ішінде көрсетілген қызметтер актілеріне Орындаушы жауап береді.».
2 2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;