Құжат мәтініне өту

Об определении размера черты бедности на 1 квартал 2017 года

Бұйрық · № 1068 · қабылданған 15.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2017-ekb-108613/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении размера черты бедности на 1 квартал 2017 года Қолданыста Бұйрық ·№ 1068 ·15.12.2016
15.12.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера черты бедности на 1 квартал 2017 года

Қолданыста Бұйрық ·№ 1068 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера черты бедности на 1 квартал 2017 года
Атауы (қаз.)
2017 жылғы 1-тоқсанға арналған кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1068
Қабылданған күні
15.12.2016
Көрсетілген редакция
15.12.2016 108613_143663.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014604
ЭКБ идентификаторы
108613
Редакция идентификаторы
108613_143663
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:52

0 2017 жылғы 1-тоқсанға арналған

кедейлік шегінің мөлшерін
айқындау туралы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2017 жылғы 1-тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы