Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы подтверждения об использовании при производстве товара сырья и (или) материалов, которые были помещены под таможенную процедуру свободного склада до 1 января 2017 года

Бұйрық · № 34 · қабылданған 19.01.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2017-ekb-109771/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы подтверждения об использовании при производстве товара сырья и (или) материалов, которые были помещены под таможенную процедуру свободного склада до 1 января 2017 года Қолданыста Бұйрық ·№ 34 ·19.01.2017
19.01.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы подтверждения об использовании при производстве товара сырья и (или) материалов, которые были помещены под таможенную процедуру свободного склада до 1 января 2017 года

Қолданыста Бұйрық ·№ 34 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы подтверждения об использовании при производстве товара сырья и (или) материалов, которые были помещены под таможенную процедуру свободного склада до 1 января 2017 года
Атауы (қаз.)
Тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркiн қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы растау нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
34
Қабылданған күні
19.01.2017
Көрсетілген редакция
19.01.2017 109771_157811.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700014803
ЭКБ идентификаторы
109771
Редакция идентификаторы
109771_157811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:25

0 Тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркiн қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы растау нысанын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 248-бабының екінші бөлігінің 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркiн қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы растаудың қоса беріліп отырған нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2017 жылғы 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы «___» _________

10 Тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркiн қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы растау

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2017 жылғы 19 қаңтардағы
№ 34 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркiн қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы растау
2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркiн қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылуымен
______________________________________________________________________________________
(БСН, еркін қойма иесінің – заңды тұлғаның атауы)
келесі тауарлардың өндірісі жүзеге асырылғанын растаймыз.

р/н
Тауардың атауы және саны
ЕАЭО СЭҚ ТН коды
Тауардың сәйкестендіру нөмірі
Тауарға арналған кедендік декларацияның нөмірі*
1
2
3
4
5
1.
2.

_____________________________ Мөр орны ___________________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (уәкілетті органның жауапты тұлғасының қолы)
Берілген күні: 20__ жылғы «__» _______
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;
* шешім Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасына және кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамасына сәйкес рәсімделген кедендік декларациясының негізінде қабылданады.

Қолданыстағы