Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий (на 1 гектар) на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий (на 1 гектар) на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 20.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2017 113037_195910.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17T0003901
- ЭКБ идентификаторы
- 113037
- Редакция идентификаторы
- 113037_195910
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:44
0 2017 жылға басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тізбесін және басым
дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен
өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен
көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстарын жүргізу үшін қажетті
басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауыл
шаруашылығы дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарының
құнын арзандатуға арналған субсидиялар
нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 37-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11094 болып тіркелген) 5-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2017 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
2
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2017 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) белгіленсін.
2 2. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Нақпаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Атырау облысы әкімдігінің
2017 жылғы «20» маусымдағы
№ 154 қаулысына
1-қосымша
2017 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
№
р/с
Басым дақылдардың атауы
1
Қорғалған топырақтағы көкөністер
2
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
3
Бір жылдық мал азықтық шөптер
4
Сүрлемдік жүгері
8 Атырау облысы әкімдігінің
2017 жылғы «20» маусымдағы
№ 154 қаулысына
2-қосымша
2017 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
Басым дақылдардың атауы
1 гектарға субсидиялау нормасы, теңге
Қорғалған топырақта өнеркәсіптік жылыжайларда өсірілетін көкөністер (1 дақылайналым)
4 000 000
Қорғалған топырақта фермерлік жылыжайларда өсірілетін көкөністер (1 дақылайналым)
2 500 000
Бірінші жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
40 000
Бір жылдық мал азықтық шөптер
15 000
Сүрлемдік жүгері
25 000