О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 января 2017 года № 1 и Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 января 2017 года № 9 «Об утверждении Инструкции по обеспечению безопасности проведения спортивных и спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 января 2017 года № 1 и Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 января 2017 года № 9 «Об утверждении Инструкции по обеспечению безопасности проведения спортивных и спортивно-массовых, зрелищных культурно-массовых мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- «Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 713
- Қабылданған күні
- 25.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 19.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2025 215258_779386.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500037066
- ЭКБ идентификаторы
- 215258
- Редакция идентификаторы
- 215258_779386
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:00
0
«Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14845 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 12-тармағына және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Дене шынықтыру және спорт туралы» және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және спортшылардың қатысуымен оқу-жаттығу жиындарын қоспағанда, спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық іс-шаралар) өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын қолдануды нақтылайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖАО ұйымдастырушылық комитеттерін (бұдан әрі - комитеттер) құрады, олар бұл іс-шараларды дайындау және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
Комитет құрамына ІІО-ның және азаматтық қорғау органдарының өкілдері, бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы кіреді. Комитетті ЖАО-ның уәкілетті өкілі басқарады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат, туризм және спорт вице-министрлеріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі