Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 221 «Об утверждении Положения о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Бұйрық · № 250 · қабылданған 21.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2017-no-221-ekb-132737/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 221 «Об утверждении Положения о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 250 ·21.06.2019
21.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 221 «Об утверждении Положения о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 250 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 221 «Об утверждении Положения о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары ─ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
250
Қабылданған күні
21.06.2019
Көрсетілген редакция
21.06.2019 132737_411849.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G19F0000250
ЭКБ идентификаторы
132737
Редакция идентификаторы
132737_411849
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:25

0

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары ─ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 36-үй.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Комитеттің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, қалалар мен аудандарда аумақтық бөлімшелері, оның ішінде фитосанитариялық бақылау бекеттері, сондай-ақ Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.»;
15-тармақта:
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия береді;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;»;
17-тармақта:
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
18-тармақта:
9) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
19-тармақтың 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
20-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«72. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алтай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі».»;
101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«101. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі».»;
213-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«213. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі».».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы