О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 221 «Об утверждении Положения о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 221 «Об утверждении Положения о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 63
- Қабылданған күні
- 03.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2021 153248_513622.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21F0000063
- ЭКБ идентификаторы
- 153248
- Редакция идентификаторы
- 153248_513622
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:23
0 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комитеттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.»;
26-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Комитет төрағасының орынбасарынан басқа, Комитет қызметкерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;»;
4) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Комитет төрағасының орынбасарынан басқа, Комитет қызметкерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшыларының орынбасарларын, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) белгіленген заңнамалық тәртіппен Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшылары мен басшы орынбасарларын іссапарға жіберу (тиісті облыс аумағынан тыс және шетелдерге), материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;».
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;