О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 221 «Об утверждении Положения о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 июня 2017 года № 221 «Об утверждении Положения о Комитете государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 298
- Қабылданған күні
- 04.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2024 200491_719445.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24F0000298
- ЭКБ идентификаторы
- 200491
- Редакция идентификаторы
- 200491_719445
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:47
0
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. 2025 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Ереженің 15-тармағының 40) тармақшасын қоспағанда, осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2024 жылғы « »__________ №____
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 1 маусымдағы
№ 221 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) агроөнеркәсіптік кешен саласында өсімдіктер карантині және оларды қорғау, астық нарығын реттеу, асыл тұқымды мал шаруашылығы бөлігіндегі басшылықты жүзеге асырады.
2 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4 4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5 5. Комитеттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6 6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7 7. Комитеттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 3 кіреберіс.
9 9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі.
10 10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11 11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12 12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
13 13. Міндеттері:
1 1) өсімдіктер карантині саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
2 2) өсімдіктерді қорғау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
3 3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іске асыру және бақылау функцияларын орындау;
4 4) астық нарығын реттеу саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау;
5 5) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау;
6 6) мемлекеттік мүлік саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орындау.
14 14. Құқықтары мен міндеттемелері:
1 1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
Комитет қызметкерлерінің біліктілігі мен даярлығын арттыруды жүзеге асыру;
Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тарту;
құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
Комитеттің құзыретіне кіретін қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға өз құзыреті шегінде жәрдем көрсету;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2 2) міндеттемелері:
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
өтініштерді қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формалды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;
әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдалым орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау;
әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не оның өкілдерінің назарына жеткізу;
Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15 15. Функциялары:
1 1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2 2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі мемлекеттік іс-шараларды ұйымдастырады;
3 3) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4 4) өсімдіктер карантині саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
5 5) карантиндiк объектiлермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнiмдi алып қою және жою жөніндегі қағидаларды әзірлейдi;
6 6) карантиндік фитосанитариялық талаптарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірлейді;
7 7) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін әзірлейді;
8 8) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды әзірлейді;
9 9) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған, жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге жұмсаған шығындарын өтеу қағидаларын әзірлейді;
10 10) фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын әзірлейді;
11 11) есепке алу нөмірлерін береді, қолданылуын тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;
12 12) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде материалдық құралдарды, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдарды пайдалану тәртібін әзірлейді;
13 13) өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді;
14 14) таралу ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді;
15
15) екі немесе одан көп облыс аумағында (облыстардың аумағында карантиндік объектінің жергілікті таралу жағдайларын қоспағанда) карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді әрі олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
16 16) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау тәртібін әзірлейді;
17 17) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18 18) өздеріне қатысты өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетін және жүзеге асырылатын карантиндiк объектiлер тiзбесiн айқындайды;
19 19) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантиндiк объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор құрады, ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады және сұраным бойынша оны мүдделi адамдарға бередi;
20
20) карантиндік объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерді, аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін айқындайды, импорттаушы елге растауды береді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда импорттаушы елдің өкілдеріне инспекциялау жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
21 21) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар туралы ережені әзірлейді;
22 22) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді;
23
23) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидалары негізінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасына, халықаралық нормалар мен ұсынымдарға сәйкес биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін ескере отырып, карантиндік фитосанитариялық шараларды әзiрлейдi, жеке және заңды тұлғалардың оларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
24 24) Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспектор және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар лауазымдарына орналасуға біліктілік талаптарын белгілейді;
25 25) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
26 26) карантинге жатқызылған өнімдер транзитінің шарттарын айқындайды;
27 27) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізеді және олардың күшін жояды;
28 28) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
29 29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшiн пестицидтер қорын құрады;
30 30) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
31
31) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған айлабұйымдарға (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімдеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауарлық-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
32
32) карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған айлабұйымдарды (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімдерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантиндік объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін есепке ала отырып, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауарлық-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
33 33) әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндік жете тексеруді, қажет болғанда – үлгілерін ала отырып карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;
34 34) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізеді;
35 35) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнімді тұрақты жете тексеруді, қажет болғанда – үлгілерін ала отырып, оған карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
36
36) өсімдіктен алынатын өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, қоймаға жинайтын, өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп-қарауды жүргiзедi;
37 37) анықталған Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;
38 38) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талапарыз жібереді;
39 39) уәкілетті ұйымда импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндiк объектiлермен және бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
40 40) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттар береді;
41 41) халықаралық нормалар мен талаптардың өсiмдiктер карантинi саласында жасалған келiсiмдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi;
42 42) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктер карантині саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
43 43) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша өсімдіктер карантині саласындағы заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;
44 44) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оларды киіп жүру тәртібін айқындайды;
45 45) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
46 46) өсімдіктерді қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
47 47) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзірлейді;
48 48) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті әзірлейді;
49 49) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;
50 50) өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттауға лицензия береді;
51 51) мыналар:
пестицидтер өндіру (формуляциялау);
пестицидтер өткізу;
пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
52 52) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
53 53) пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және пестицидтерге арналған тіркеу куәліктерін береді;
54 54) пестицидтер тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;
55 55) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
56 56) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасау мен шығару тәртiбiн әзірлейді;
57 57) фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастырады;
58 58) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестіреді;
59 59) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырады және өткiзеді, сондай-ақ пестицидтердiң қорын жасайды;
60 60) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлейді;
61 61) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастырады;
62 62) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;
63 63) өсімдіктерді қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастырады және үйлестіреді, жүзеге асырады;
64 64) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
65 65) өсiмдiктердi қорғау және карантин саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
66 66) пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану тәртібін белгілейді;
67 67) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
68
68) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;
69 69) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
70
70) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда күтіп-ұстау шаттарын айқындайды;
71
71) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;
72 72) фитосанитариялық есептілік түрлерін, оларды ұсыну нысандары мен мерзімдерін айқындайды;
73 73) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
74 74) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
75 75) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
76 76) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырады және іске асырады;
77 77) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
78 78) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
79 79) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
80 80) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізуді және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады;
81 81) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
82 82) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
83 83) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;
84 84) мыналар:
агроөнеркәсіптік кешен;
балара шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
85 85) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
86 86) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
87 87) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
88 88) көрсетілетін қызметті алушылардың қолжетімді нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
89 89) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарайды;
90 90) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
91 91) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
92 92) Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзуға қатысты осы шараның қолданыс мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындайды;
93 93) өсімдіктер карантині және қорғау саласында тергеп-тексеру жүргізу тәртібін әзірлейді;
94 94) өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді;
95
95) бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады;
96
96) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер жүргізу графиктерін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін әзірлейді;
97 97) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
98 98) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
99 99) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық қатерлердің тәуекелдеріне алып келетін жағдайлар туралы хабар береді;
100 100) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
101 101) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
102 102) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін әзірлейді;
103 103) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады;
104 104) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуді жүзеге асырады;
105 105) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
106 106) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
107 107) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
108 108) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
109 109) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды жүзеге асырады;
110 110) коллекциялық қызметті есепке алуды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
111 111) референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
112 112) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың қызметін бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
113
113) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады;
114 114) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуі бойынша ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
115 115) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3 3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттігі
16 16. Комитетке басшылық етуді Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитет төрағасы жүзеге асырады.
17 17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18 18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19 19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1 1) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
3 3) Комитеттің аумақтық бөлімшілерінің құрылымын, штаттық санын және штат кестесін бекітеді;
4 4) Комитет төрағасының орынбасарынан басқа, Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
5 5) өз орынбасарының және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді, сондай-ақ Комитет жұмыскерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6 6) өзінің құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауаптылықта болады;
7 7) Комитет төрағасының орынбасарынан басқа, Комитеттің жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшыларын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
8 8) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының орынбасарынан басқа, Комитет қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
9 9) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларына демалыс беру мәселелерін шешеді;
10 10) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу (тиісті облыстан тыс және шетелге), материалдық көмек көрсету, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
11 11) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу (тиісті облыстан тыс және шетелге) мәселелерін келіседі;
12 12) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларына материалдық көмек көрсету, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
13 13) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын даярлауды (қайта даярлауды), біліктілігін арттыруды келіседі;
14 14) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша орындауды басшының орынбасарына немесе Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басқа жұмыскеріне жүктейді;
15 15) Комитеттің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелер және аумақтық бөлімшілердің ережелерін және өзінің құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын бекітеді;
16 16) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымын бекітеді және штаттық кестесін келіседі;
17 17) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;
18 18) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
19 19) Комитеттің аумақтық бөлімшелер актілерінің қолданылуын жояды немесе толық немесе бөлігін тоқтатады;
20 20) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің атынан өкілдік етеді;
21 21) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20 20. Комитет төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарының өкілеттігін белгілейді.
4 4-тарау. Комитеттің мүлкі
21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған иесі берген мүліктің есебінен, сондай-ақ өзінің қызметі нәтижесінде сатып алынған қаражаттан (қаражат кірістерін қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылады.