Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 «Об утверждении Правил ценообразования на общественно значимых рынках»

Бұйрық · № 17 · қабылданған 12.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2017-no-36-ekb-152959/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 «Об утверждении Правил ценообразования на общественно значимых рынках» Қолданыста Бұйрық ·№ 17 ·12.02.2021
12.02.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 «Об утверждении Правил ценообразования на общественно значимых рынках»

Қолданыста Бұйрық ·№ 17 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 «Об утверждении Правил ценообразования на общественно значимых рынках»
Атауы (қаз.)
«Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17
Қабылданған күні
12.02.2021
Көрсетілген редакция
12.02.2021 152959_510434.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022234
ЭКБ идентификаторы
152959
Редакция идентификаторы
152959_510434
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:33

0 «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жария тыңдауларды уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі онлайн-көрсетілім ұйымдастырумен, жария тыңдауларға қатысушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып өткізеді.
Елде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері жария тыңдауларды онлайн-көрсетілім арқылы өткізеді.
Жария тыңдауларды онлайн-көрсетілімдер арқылы өткізген кезде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуметтік желілерде жария тыңдаулардың күні мен онлайн-көрсетілімнің сілтемесін көрсете отырып, алда болатын жария тыңдау туралы хабарландыру орналастырады.
25. Уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің қызметкерлері қатарынан жария тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын тағайындайды.
Жария тыңдаулардың хатшысы хаттаманы жазбаша нысанда жүргізеді.».

2 2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы