Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 «Об утверждении Правил ценообразования на общественно значимых рынках»

Бұйрық · № 64 · қабылданған 18.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2017-no-36-ekb-156576/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 «Об утверждении Правил ценообразования на общественно значимых рынках» Қолданыста Бұйрық ·№ 64 ·18.06.2021
18.06.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 «Об утверждении Правил ценообразования на общественно значимых рынках»

Қолданыста Бұйрық ·№ 64 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 февраля 2017 года № 36 «Об утверждении Правил ценообразования на общественно значимых рынках»
Атауы (қаз.)
«Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
64
Қабылданған күні
18.06.2021
Көрсетілген редакция
18.06.2021 156576_528599.kaz
Соңғы өзгеріс
18.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023161
ЭКБ идентификаторы
156576
Редакция идентификаторы
156576_528599
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:50

0 «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:
9-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
12-қосымшаның:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Субъектілердің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын (бұдан әрі – көтерме сауда бағалары) саралау арқылы тұтынушылардың бірінші тобынан бастап алтыншы және сегізінші топтарына тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларын саралауды ескере отырып (газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және сақтауға тарифті ескере отырып), әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке жүзеге асырылады. Тұтынушыларды жетінші тобы үшін көтерме сауда бағаларын саралау жүзеге асырылмайды.»;
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөліп көрсетілген:
тұтынушылардың І тобы – тауарлық газды газ тарату жүйесінен бөлшек саудада өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті алатын тұрмыста тұтынушылар (халық);
тұтынушылардың ІІ тобы – тауарлық газды халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары (бұдан әрі – халық үшін ЖЭК);
тұтынушылардың ІІІ тобы – тауарлық газды заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары (бұдан әрі – заңды тұлғалар үшін ЖЭК);
тұтынушылардың IV тобы – тауарлық газды электр энергиясын өндіру үшін сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары;
тұтынушылардың V тобы – тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылар;
тұтынушылардың VI тобы – бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар;
тұтынушылардың VII тобы – тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және газбен жабдықтау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар;
тұтынушылардың VIII тобы – тауарлық газды тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар.».

2 2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

8 Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы (филиалдар бөлінісінде)

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 18 маусымдағы
№ 64 Бұйрыққа
қосымша
Қоғамдық маңызы бар нарықтарда
баға белгілеу қағидаларына
9-қосымша
Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы (филиалдар бөлінісінде)

Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Дең­гейі
1
Та­у­ар­лық га­з­ды кө­тер­ме са­уда­да өт­кі­зу­дің шек­ті ба­ға­сы
тең­ге/1000 м3
2
Та­у­ар­лық га­з­ды газ та­ра­ту жүй­е­ле­рі ар­қы­лы та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған та­риф
3
Та­у­ар­лық га­з­ды бөл­шек са­уда­да өт­кі­зу шы­ғын­да­ры (жаб­дық­тау үсте­ме­а­қы­сы)
4
Та­у­ар­лық га­з­дың шек­ті ба­ға­сы­ның жиы­ны, оның ішін­де
Та­у­ар­лық га­з­ды газ та­ра­ту жүй­е­ле­рі ар­қы­лы та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған та­риф­ті есеп­ке алу­сыз *
1
Тұр­мыста тұ­ты­ну­шы­лар (ха­лық)
2
Жы­лу энер­ге­ти­ка­сы ком­па­ни­я­ла­ры ха­лық үшін жы­лу энер­ги­я­сы өн­ді­рі­сіне та­у­ар­лық га­з­ды тұ­ты­ну кө­ле­мін­де
3
Жы­лу энер­ге­ти­ка­сы ком­па­ни­я­ла­ры заң­ды тұ­лға­лар үшін жы­лу энер­ги­я­сы өн­ді­рі­сіне та­у­ар­лық га­з­ды тұ­ты­ну кө­ле­мін­де
4
Жы­лу энер­ге­ти­ка­сы ком­па­ни­я­ла­ры электр энер­ги­я­сы өн­ді­рі­сіне та­у­ар­лық га­з­ды тұ­ты­ну кө­ле­мін­де
5
Тұ­ты­ну­шы­лар­дың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топ­та­ры­на жат­пай­тын өзге де заң­ды тұ­лға­лар
6
Бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен ұста­ла­тын бюд­жет­тік ұй­ым­дар
7
Та­у­ар­лық га­з­ды мұ­най-газ-хи­мия өнім­де­рін өн­ді­ру жө­нін­де­гі ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру мақ­са­тын­да өнер­к­ә­сіп­тік өн­ді­рі­сте отын және (неме­се) ши­кі­зат ре­т­ін­де пай­да­ла­ну үшін са­тып ала­тын және уәкі­лет­ті ор­ган бе­кі­те­тін тіз­бе­ге ен­гі­зі­л­ген заң­ды тұ­лға­лар
8
Та­у­ар­лық га­з­ды тұ­ты­ну­шы­лар­ға одан әрі өт­кі­зу мақ­са­тын­да сығ­ым­дал­ған және (неме­се) сұй­ы­ты­л­ған та­би­ғи га­з­ды өн­ді­ру үшін са­тып ала­тын заң­ды тұ­лға­лар
Та­у­ар­лық га­з­ды газ та­ра­ту жүй­е­ле­рі ар­қы­лы та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған та­риф­ті есеп­ке алу­мен
1
Тұр­мыста тұ­ты­ну­шы­лар (ха­лық)
2
Жы­лу энер­ге­ти­ка­сы ком­па­ни­я­ла­ры ха­лық үшін жы­лу энер­ги­я­сын өн­ді­ру­ге та­у­ар­лық га­з­ды тұ­ты­ну кө­ле­мін­де
3
Жы­лу энер­ге­ти­ка­сы ком­па­ни­я­ла­ры заң­ды тұ­лға­лар үшін жы­лу энер­ги­я­сы өн­ді­рі­сіне та­у­ар­лық га­з­ды тұ­ты­ну кө­ле­мін­де
4
Жы­лу энер­ге­ти­ка­сы ком­па­ни­я­ла­ры электр энер­ги­я­сы өн­ді­рі­сіне та­у­ар­лық га­з­ды тұ­ты­ну кө­ле­мін­де
5
Тұ­ты­ну­шы­лар­дың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топ­та­ры­на жат­пай­тын өзге де заң­ды тұ­лға­лар
6
Бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен ұста­ла­тын бюд­жет­тік ұй­ым­дар
7
Та­у­ар­лық га­з­ды мұ­най-газ-хи­мия өнім­де­рін өн­ді­ру жө­нін­де­гі ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру мақ­са­тын­да өнер­к­ә­сіп­тік өн­ді­рі­сте отын және (неме­се) ши­кі­зат ре­т­ін­де пай­да­ла­ну үшін са­тып ала­тын және уәкі­лет­ті ор­ган бе­кі­те­тін тіз­бе­ге ен­гі­зі­л­ген заң­ды тұ­лға­лар
8
Та­у­ар­лық га­з­ды тұ­ты­ну­шы­лар­ға одан әрі өт­кі­зу мақ­са­тын­да сығ­ым­дал­ған және (неме­се) сұй­ы­ты­л­ған та­би­ғи га­з­ды өн­ді­ру үшін са­тып ала­тын заң­ды тұ­лға­лар
Ескертпе: Тұтынушы тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз сатып алған жағдайда.

Қолданыстағы