О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 августа 2017 года № 467 «Об утверждении перечня, форм и периодичности представления отчетности профессиональными организациями, организациями по сертификации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 августа 2017 года № 467 «Об утверждении перечня, форм и периодичности представления отчетности профессиональными организациями, организациями по сертификации»
- Атауы (қаз.)
- «Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 26.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2023 178351_619555.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031782
- ЭКБ идентификаторы
- 178351
- Редакция идентификаторы
- 178351_619555
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:33
0 «Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15614 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
2 «2. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдары, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар есептілікті «www.dfo.kz.» мекенжайы бойынша интернет желісінде орналасқан қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы арқылы электрондық форматта ұсынады.».
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы