Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата от 1 февраля 2017 года № 47 «Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции»

Қаулы · № 538 · қабылданған 06.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2017-no-47-ekb-126580/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата от 1 февраля 2017 года № 47 «Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции» Күшін жойған Қаулы ·№ 538 ·06.12.2018
01.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата от 1 февраля 2017 года № 47 «Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции»

Күшін жойған Қаулы ·№ 538 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата от 1 февраля 2017 года № 47 «Об утверждении нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 47 «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
538
Қабылданған күні
06.12.2018
Көрсетілген редакция
01.06.2020 126580_464313.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18N0008155
ЭКБ идентификаторы
126580
Редакция идентификаторы
126580_464313
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:14

0 Әкімдіктің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 47 «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген, Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 47 «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6837 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

8 Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері

Әкімдіктің
2018 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 538 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 47 қаулысымен
бекітілген
Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері
Ауылшаруашылық өнімнің атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм)
Сүт
Сары май
12,0
Сүт
Қатты ірімшік
20,0
Сүт
Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)
15,0

Қолданыстағы