О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 100 «Об утверждении стратегии и тактики применения органами государственных доходов системы управления рисками, а также Правил ее функционирования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 100 «Об утверждении стратегии и тактики применения органами государственных доходов системы управления рисками, а также Правил ее функционирования»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1215
- Қабылданған күні
- 04.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2019 135877_427621.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019560
- ЭКБ идентификаторы
- 135877
- Редакция идентификаторы
- 135877_427621
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:00
0 «Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 451-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16380 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 ақпанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның жұмыс істеу Қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы «___»________
№__бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 100 бұйрығымен
Бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану
стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның қызмет ету қағидалары (бұдан әрі – Стратегия) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 451-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2 2. Стратегияның мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін іске асырудың және одан әрі жетілдірудің, басқарудың бірыңғай тәсілдерін белгілеу болып табылады.
3 3. Стратегия санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік, фитосанитариялық, радиациялық бақылау (қадағалау) саласындағы тәуекелдерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесінің (бұдан әрі – ТБЖ) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
4 4. Осы Стратегияның мақсаттары үшін мынадай ұғым пайдаланылады:
1 1) тәуекел бейінін өзектендіру — тәуекел бейінінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер енгізу не тәуекел бейінін жою.
2 2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың стратегиясы
5 5. Мемлекеттік кірістер органдарында ТБЖ қолданудың стратегиясы мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
1 1) кедендік бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету;
2 2) деңгейі жоғары тәуекел салаларына назарды шоғырландыру және мемлекеттік кірістер органдарының ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
3 3) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды қолдану қажеттілігі анықталмаған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуді жеделдету және оңайлату үшін жағдай жасау.
6 6. ТБЖ қолданудың стратегиясы мынадай негізгі қағидаттарды ескере отырып жүзеге асырылады:
1 1) кеден заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
2 2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін тұлғалардың, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
3 3) кедендік бақылаудың барлық сатыларында ТБЖ бірыңғай қолдануды сақтау;
4 4) ТБЖ құқық бұзушылықтың алдын алуға және (немесе) құқық бұзушылықты анықтау және тәуекелді барынша азайту мақсатында кедендік бақылау объектілерін таңдауға бағытталуын қамтамасыз ету;
5 5) қолда бар ақпарат негізінде ТБЖ қалыптастыру;
6 6) құпия болып табылмайтын ақпараттың айқындығын және ашықтығын қамтамасыз ету;
7 7) ТБЖ жүйелілігін, құрылымдылығын қамтамасыз ету және тәуекел бейіндерін уақытылы өзектендіруді жүргізу;
8 8) субъектке бағытталған тәсілді қолдану мақсатында Кодекстің 452-бабы 2-тармағына сәйкес тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды саралап қолдану.
3 3-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тактикасы, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәртібі
7
7. ТБЖ қолдану тактикасы кедендік бақылаудың барлық сатыларында тәуекелдерді басқару процесін іске асыруды қарастырады және Стратегияның 5-тармағында көзделген мақсаттарды ескере отырып, мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдері басқару бойынша қызметін жоспарлауға және ұйымдастыруға, сондай-ақ кедендік операциялар мен кедендік бақылау сатыларына байланысты тәуекелдерге ықпал етуді ұйымдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарының ресуртарын оңтайлы бөлуге негізделеді.