Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 111 «Об утверждении Правил реализации имущества, заложенного налогоплательщиком и (или) третьим лицом, а также ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика (налогового агента) в счет налоговой задолженности, плательщика – в счет задолженности по таможенным платежам, налогам, специальным, антидемпинговым, компенсационным пошлинам, пеней, процентов»

Бұйрық · № 1000 · қабылданған 13.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2018-no-111-ekb-125939/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 111 «Об утверждении Правил реализации имущества, заложенного налогоплательщиком и (или) третьим лицом, а также ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика (налогового агента) в счет налоговой задолженности, плательщика – в счет задолженности по таможенным платежам, налогам, специальным, антидемпинговым, компенсационным пошлинам, пеней, процентов» Қолданыста Бұйрық ·№ 1000 ·13.11.2018
13.11.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 111 «Об утверждении Правил реализации имущества, заложенного налогоплательщиком и (или) третьим лицом, а также ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика (налогового агента) в счет налоговой задолженности, плательщика – в счет задолженности по таможенным платежам, налогам, специальным, антидемпинговым, компенсационным пошлинам, пеней, процентов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1000 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 111 «Об утверждении Правил реализации имущества, заложенного налогоплательщиком и (или) третьим лицом, а также ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика (налогового агента) в счет налоговой задолженности, плательщика – в счет задолженности по таможенным платежам, налогам, специальным, антидемпинговым, компенсационным пошлинам, пеней, процентов»
Атауы (қаз.)
«Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1000
Қабылданған күні
13.11.2018
Көрсетілген редакция
13.11.2018 125939_371228.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017750
ЭКБ идентификаторы
125939
Редакция идентификаторы
125939_371228
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:38

0

«Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

1

1. «Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16387 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 наурызда нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шыққан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде МКО:
салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулының;
мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнің;
мүлiктің тізімдеме актісінің;
мұндай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың, баланстың (олар бар болса);
міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке ауыртпалықтардың бар немесе жоқ екені туралы мәліметтерінің;
Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзіндінің электрондық көшірмелерін қоса бере отырып борышкер (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), заңды мекенжайы және орналасқан жері, банктік деректемелер) және оның мүлігі бойынша мәліметтерді дерекқорға енгізеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Лоттың бастапқы бағасы осы Қағидалардың 7 және 11-тармақтарына сәйкес бар екені расталған мүлікке оның бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттардың біреуінің негізінде айқындалады:
1) бірдей және (немесе) біртекті тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған бағалау туралы қолдағы бар есептің негізінде компанияның мүліктің нарықтық бағасын белгілеу туралы қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды). Компания қорытындыны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мүліктің техникалық сипаттамасын, сыртқы түрін жан-жақты және көзбен көріп бағалауға мүмкіндік беретін кемінде үш фотосуретін қоса бере отырып жасайды. Бағалау туралы есептің деректері осындай есеп жасалған күннен бастап Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде айқындалған мерзім өткен күнге дейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы компанияның немесе тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жасаған мүліктің құнын бағалау туралы есеп (борышкерде мұндай есеп бар болса).
Компания мүліктің бастапқы бағасы айқындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
тиісті МКО-ның қарап көруі үшін дерекқорға қорытындының немесе компанияның тапсырысы бойынша бағалаушы жасаған мүліктің құнын бағалау туралы есептің көшірмесін енгізеді;
борышкер бағалау туралы есеппен таныса алатын тізілімнің веб-порталдағы дәл URL-мекенжайын көрсете отырып, борышкерге мүлікті өткізу туралы хабарлама жібереді.»;
20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұйымдастырушы тізілім веб-порталын пайдаланушыларға, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан аумақтық бөлімшелер арқылы консультациялық көмек көрсетеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы