О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 111 «Об утверждении Правил реализации имущества, заложенного налогоплательщиком и (или) третьим лицом, а также ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика (налогового агента) в счет налоговой задолженности, плательщика – в счет задолженности по таможенным платежам, налогам, специальным, антидемпинговым, компенсационным пошлинам, пеней, процентов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 111 «Об утверждении Правил реализации имущества, заложенного налогоплательщиком и (или) третьим лицом, а также ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика (налогового агента) в счет налоговой задолженности, плательщика – в счет задолженности по таможенным платежам, налогам, специальным, антидемпинговым, компенсационным пошлинам, пеней, процентов»
- Атауы (қаз.)
- «Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 121
- Қабылданған күні
- 07.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2020 139484_443790.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020026
- ЭКБ идентификаторы
- 139484
- Редакция идентификаторы
- 139484_443790
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:05
0
«Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
1
1. «Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16387 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін – салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларында:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Электрондық аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10.00-ден 17.00-ге дейінгі уақыт аралығында өткізіледі, бұл ретте электрондық аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-ден кешіктірмей басталады.
Электрондық аукцион қатысушылары аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ қолдана отырып, аукцион залында тіркеледі. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен аукцион залында лоттың бастапқы бағасын автоматты түрде орналастыру арқылы басталады.
Егер аукцион басталған уақытта аукцион залында лот бойынша аукционға екеуден аз қатысушы тіркелген және болған жағдайда, бұл лот бойынша аукцион өткізілген жоқ деп танылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.