Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Иргизского районного маслихата от 1 июня 2018 года № 149 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Иргизского района»

Өзге акт · № 15 · қабылданған 11.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2018-no-149-ekb-181488/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Иргизского районного маслихата от 1 июня 2018 года № 149 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Иргизского района» Қолданыста Өзге акт ·№ 15 ·11.05.2023
11.05.2023 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Иргизского районного маслихата от 1 июня 2018 года № 149 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Иргизского района»

Қолданыста Өзге акт ·№ 15 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Иргизского районного маслихата от 1 июня 2018 года № 149 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Иргизского района»
Атауы (қаз.)
Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 149 «Ырғыз ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15
Қабылданған күні
11.05.2023
Көрсетілген редакция
11.05.2023 181488_631254.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23CE00015M
ЭКБ идентификаторы
181488
Редакция идентификаторы
181488_631254
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:09

0 Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 149 «Ырғыз ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ШЕШТІ:

1 1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 149 «Ырғыз ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-180 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер бойынша өткізіледі:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;
ауылдық округ әкімі аппаратының ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін–өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы