Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 171 «Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей»

Бұйрық · № 314 · қабылданған 09.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2018-no-171-ekb-211379/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 171 «Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей» Қолданыста Бұйрық ·№ 314 ·09.06.2025
09.06.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 171 «Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей»

Қолданыста Бұйрық ·№ 314 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 171 «Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей»
Атауы (қаз.)
«Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
314
Қабылданған күні
09.06.2025
Көрсетілген редакция
09.06.2025 211379_770152.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036301
ЭКБ идентификаторы
211379
Редакция идентификаторы
211379_770152
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:00

0 «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16376 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Қорытынды кіріспе, сипаттама-уәждеме және қорытынды бөліктерінен тұрады.
Қорытындының кіріспе бөлігінде бақылаудың түрі туралы мәліметтер, бақылауды жүзеге асырған адамның және бақылауға жататын жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), бақылауды жүргізу мерзімі, жеке сот орындаушысының бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және күні көрсетіледі.
Қорытындының сипаттама-уәждеме бөлігінде жеке сот орындаушысының қызметі туралы және атқарушылық іс жүргізу туралы мәліметтер, оның ішінде атқарушылық әрекеттер хронологиялық тәртіппен баяндалады.
Қорытынды бөлікте Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың болуы немесе болмауы, төмендегі мерзімдер белгілене отырып, оларды жою жөніндегі ұсынымдар туралы қорытындыда:
жоспардан тыс бақылау бойынша – бес жұмыс күні және бұзушылықтарды жойғаны туралы ақпаратты тиісті аумақтық органға немесе аумақтылық бойынша өңірлік палатаға қорытындыда берілген мерзімі аяқталған соң үш жұмыс күні ішінде беру көрсетіледі;
жоспарлы бақылау бойынша – он жұмыс күні және бұзушылықтарды жойғаны туралы ақпаратты тиісті аумақтық органға немесе аумақтылық бойынша өңірлік палатаға қорытындыда берілген мерзімі аяқталған соң үш жұмыс күні ішінде беру көрсетіледі.
Бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда жеке сот орындаушыға мерзімдер берілмейді, ол туралы қорытындыда көрсетіледі.»;
мынадай редакциядағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Бақылау жүргізген тұлғалар осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ақпаратты алғанан кейін, бес жұмыс күні ішінде қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың дұрыстығын «Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы да, атқарушылық іс жүргізу материалдары арқылы да салыстырады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін қорытынды жеке сот орындаушыларының Республикалық немесе аумақтылығы бойынша өңірлік палаталарының тәртіптік комиссиясының қарауына жіберіледі.
Қорытынды осы Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Республикалық немесе аумақтылығы бойынша өңірлік жеке сот орындаушылары палаталарының тәртіптік комиссиясының қарауына жіберіледі.
Заңның 143, 144-баптарында көзделген бұзушылықтар бойынша уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізіледі.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру (тоқтату) туралы ұсынысқа осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы