Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О приостановлении действий некоторых структурных элементов приказа Министра юстиции Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 171 «Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей»

Бұйрық · № 339 · қабылданған 10.04.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2018-no-171/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О приостановлении действий некоторых структурных элементов приказа Министра юстиции Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 171 «Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей» Күшін жойған 11.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О приостановлении действий некоторых структурных элементов приказа Министра юстиции Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 171 «Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей»

Күшін жойған Бұйрық № 339 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О приостановлении действий некоторых структурных элементов приказа Министра юстиции Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 171 «Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей»
Атауы (қаз.)
««Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
339
Қабылданған күні
10.04.2026
Қолданысқа енгізілген күні
27.04.2026
Көрсетілген редакция
11.08.2026 224105_838845.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600038433
ЭКБ идентификаторы
224105
Редакция идентификаторы
224105_838845
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:40
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 ««Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің әрекеттерін тоқтата тұру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 11.08.2026 № 781 (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16376 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 3-1, 12, 13, 20-1 - тармақтарының, 22-тармағының екінші абзацының қолданысы 2026 жылғы 30 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұру кезеңінде мыналар бекітілсін:

Қағидалардың 3-1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:
«3-1. Жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау «Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүзеге асырылады.»;
Қағидалардың 12 және 13-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады:
«12. Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылауды аумақтық әділет органының лауазымды тұлғасы (-лары) жүргізеді.
Қажет болған жағдайларда жоспарлы бақылауды уәкілетті орган басшылығының тапсырмасы бойынша уәкілетті органның қызметкері (лерінің) қатысуымен жүргізеді.
13. Жеке сот орындаушыларының қызметін жоспарлы бақылаудың нысанасы атқарушылық іс жүргізуді ақпараттық жүйе арқылы зерделеу және тексеру болып табылады.»;
Қағидалардың 20-1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:
«20-1. Бақылау жүргізген тұлғалар осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, бес жұмыс күні ішінде қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың дұрыстығын ақпараттық жүйе арқылы салыстырады.»;
Қағидалардың 22-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
«Қорытынды осы Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Республикалық немесе аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының тәртіптік комиссиясының қарауына жіберіледі. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ақпараттық жүйеде жеке сот орындаушысына қатысты тәртіптік жаза туралы мәліметтерді оның қолданылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жариялайды.».

3. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап тоқтатыла тұру кезеңінде мыналар бекітілсін:

Қағидалардың 3-1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:
«3-1. Жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау «Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы жүзеге асырылады.»;
Қағидалардың 12 және 13-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады:
«12. Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылауды аумақтық әділет органының лауазымды тұлғасы (-лары) жүргізеді.
Қажет болған жағдайда жоспарлы бақылауды уәкілетті орган басшылығының тапсырмасы бойынша уәкілетті органның қызметкері (лерінің) қатысуымен жүргізеді.
13. Жеке сот орындаушыларының қызметін жоспарлы бақылаудың нысанасы атқарушылық іс жүргізуді цифрлық жүйе арқылы зерделеу және тексеру болып табылады.»;
Қағидалардың 20-1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:
«20-1. Бақылау жүргізген тұлғалар осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, бес жұмыс күні ішінде қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың дұрыстығын цифрлық жүйе арқылы салыстырады.»;
Қағидалардың 22-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:
«Қорытынды осы Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Республикалық немесе аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының тәртіптік комиссиясының қарауына жіберіледі. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы цифрлық жүйеде жеке сот орындаушысына қатысты тәртіптік жаза туралы мәліметтерді оның қолданылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жариялайды.».

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.