Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Уилского районного маслихата от 1 июня 2018 года № 192 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Уилского района»

Өзге акт · № 55 · қабылданған 04.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2018-no-192/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Уилского районного маслихата от 1 июня 2018 года № 192 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Уилского района» Қолданыста Өзге акт ·№ 55 ·04.07.2023
04.07.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Уилского районного маслихата от 1 июня 2018 года № 192 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Уилского района»

Қолданыста Өзге акт ·№ 55 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Уилского районного маслихата от 1 июня 2018 года № 192 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества Уилского района»
Атауы (қаз.)
Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 192 «Ойыл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
55
Қабылданған күні
04.07.2023
Көрсетілген редакция
04.07.2023 183720_640291.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23CK00055M
ЭКБ идентификаторы
183720
Редакция идентификаторы
183720_640291
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:01

0 Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 192 «Ойыл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Ойыл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 192 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-11-135 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Ойыл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
4-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;
ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдық округ аппаратының шешімдерін келісу;
ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау,азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы