О внесении изменения в постановление акимата Сарыагашского района от 1 ноября 2018 года № 469 «Об установлении публичного сервитута»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Сарыагашского района от 1 ноября 2018 года № 469 «Об установлении публичного сервитута»
- Атауы (қаз.)
- Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 469 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 20.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 20.01.2021 152479_506385.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21UK006035
- ЭКБ идентификаторы
- 152479
- Редакция идентификаторы
- 152479_506385
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:47
0 Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 469 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 қарашадағы №469 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4776 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 08 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «БС Саруг-город Шымкент (СВИЧ)» магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.».