Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 1 августа 2018 года №18/192 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи в Мангистауском районе»

Өзге акт · № 13/140 · қабылданған 18.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2018-no18192/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 1 августа 2018 года №18/192 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи в Мангистауском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/140 ·18.05.2022
16.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 1 августа 2018 года №18/192 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи в Мангистауском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/140 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Мангистауского районного маслихата от 1 августа 2018 года №18/192 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи в Мангистауском районе»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 «Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/140
Қабылданған күні
18.05.2022
Көрсетілген редакция
16.04.2024 168005_696858.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22M0028158
ЭКБ идентификаторы
168005
Редакция идентификаторы
168005_696858
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:53

0 Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 «Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Маңғыстау аудандық мәслихатының «Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3700 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі жеті пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде әр адамға пайдалы ауданы 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.»;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы