Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима города Жетысай Жетысайского района от 1 июля 2019 года № 178 «Об установлении органичительных мероприятий на территории улицы М.Ауезова города Жетысай Жетысайского района»

Өзге акт · № 245 · қабылданған 05.09.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2019-no-178/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима города Жетысай Жетысайского района от 1 июля 2019 года № 178 «Об установлении органичительных мероприятий на территории улицы М.Ауезова города Жетысай Жетысайского района» Қолданыста Өзге акт ·№ 245 ·05.09.2019
05.09.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима города Жетысай Жетысайского района от 1 июля 2019 года № 178 «Об установлении органичительных мероприятий на территории улицы М.Ауезова города Жетысай Жетысайского района»

Қолданыста Өзге акт ·№ 245 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима города Жетысай Жетысайского района от 1 июля 2019 года № 178 «Об установлении органичительных мероприятий на территории улицы М.Ауезова города Жетысай Жетысайского района»
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларының алып тастау және Жетісай ауданының Жетісай қаласы әкімінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 178 «Жетісай ауданының Жетісай қаласы М.Әуезов көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
245
Қабылданған күні
05.09.2019
Көрсетілген редакция
05.09.2019 134852_422211.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UPC05177
ЭКБ идентификаторы
134852
Редакция идентификаторы
134852_422211
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:36

0 Шектеу іс-шараларының алып тастау және Жетісай ауданының Жетісай қаласы әкімінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 178 «Жетісай ауданының Жетісай қаласы М.Әуезов көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушысының 2019 жылғы 27 тамызындағы №02-03/387 санды ұсынысы негізінде, Жетісай қала әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Иттің құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жетісай ауданының Жетісай қаласы М.Әуезов көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

2

2. Жетісай ауданы Жетісай қаласы әкімінің 2019 жылғы 1 шілдедегі №178 «Жетісай ауданының Жетісай қаласы М.Әуезов көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5114 болып тіркелген және 2019 жылы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бакылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Жетісай ауданының «Жетісай қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Казақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы