О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 1 июля 2019 года № 468 «Об утверждении Правил ведения единого реестра участников специальных экономических зон»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 1 июля 2019 года № 468 «Об утверждении Правил ведения единого реестра участников специальных экономических зон»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 152
- Қабылданған күні
- 25.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 25.03.2022 165744_565709.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027298
- ЭКБ идентификаторы
- 165744
- Редакция идентификаторы
- 165744_565709
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:57
0 «Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18978 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) арнайы экономикалық аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;
2) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының тізілімі;
3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
4) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
5) бірыңғай үйлестіру орталығы - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) қызметті жүзеге асыру туралы шарт - арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт.».
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімінде мәліметтерді өзектендіру (жаңарту) төменде келтірілген жағдайлардың бірі туындаған кезде жүргізіледі:
1) Арнайы экономикалық аймақ атауының өзгеруі;
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бірыңғай тізілімге енгізілген қатысушы туралы мәліметтердің өзгеруі;
3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуын тоқтату жатады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімінде мәліметтерді өзектендіру (жаңарту) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компанияларынан тиісті хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
8-2. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы ауысқан кезде соңғысы бұл туралы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органды және бірыңғай үйлестіру орталығын осындай ауысым туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.».