Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 604 «Об утверждении Правил расследования нарушений безопасности движения на железнодорожном транспорте»

Бұйрық · № 405 · қабылданған 10.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2019-no-604/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 604 «Об утверждении Правил расследования нарушений безопасности движения на железнодорожном транспорте» Қолданыста Бұйрық ·№ 405 ·10.12.2024
10.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 604 «Об утверждении Правил расследования нарушений безопасности движения на железнодорожном транспорте»

Қолданыста Бұйрық ·№ 405 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 604 «Об утверждении Правил расследования нарушений безопасности движения на железнодорожном транспорте»
Атауы (қаз.)
«Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
405
Қабылданған күні
10.12.2024
Көрсетілген редакция
10.12.2024 203946_732801.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035470
ЭКБ идентификаторы
203946
Редакция идентификаторы
203946_732801
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:00

0 «Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды

тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы
1 тамыздағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларында:
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің көліктік бақылау инспекциясы;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қозғалыс қауіпсіздігін бұзу – нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жіктелетін, тасымалдау процесін жүзеге асыру кезінде қозғалыс қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптардан ауытқу нәтижесінде болған теміржол оқиғасы;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жолаушылар пойызында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген оқиға, сондай-ақ апат немесе авария белгілері болған кезде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы туралы ақпаратты алғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде уәкілетті органның бұйрығымен тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органның төрағалық етуімен Комиссия құрылады. Осы комиссияның құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, тасымалдау процесіне қатысушылар және мүдделі тұлғалар кіреді.
Комиссия құру туралы бұйрықта теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзуды тергеп-тексеруге қатысатын ұйымдардың атаулары көрсетіледі.»;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің міндетін атрқарушы
2024 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 405 бұйрығына
қосымша
Теміржол көлігіндегі
жол жүрісі қауіпсіздігін
бұзушылықтарды тергеп-тексеру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылық орын алған жерді қарау актісі
Жерді қарау_________________________
Күні:________________________ Уақыты:__________
Жағдайы _______________________________________________________
Техникалық құралдардың жай-күйі _________________________________________________________
Салдары ____________________________________________________
Жылжымалы құрамның алдын ала зақымдалу дәрежесі ______мүліктің _____(ұйымның атауы)________
Алдын ала себебі________________________
Тасымалдау процесіне қатысушылардың атауы/мүдделі тараптардың атаулары ______________________
Акт жасағандар: _________________ ____________________________________
(Лауазымы) (Қолы) (Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (егер бар болса)
Ескертпе: осы нысан қажеттілік болған кезде қосымша тармақтармен толықтырылуы мүмкін

Қолданыстағы