О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 1 июня 2020 года № 142 «Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений и нормы субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) удобрений, приобретенных у продавца удобрений, а также объемы бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2020 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 1 июня 2020 года № 142 «Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений и нормы субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) удобрений, приобретенных у продавца удобрений, а также объемы бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2020 год»
- Атауы (қаз.)
- «2020 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 142 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 337
- Қабылданған күні
- 20.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2020 150079_500218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0006819
- ЭКБ идентификаторы
- 150079
- Редакция идентификаторы
- 150079_500218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:58
0
«2020 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 142 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 63-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «2020 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» 2020 жылғы 1 маусымдағы № 142 қаулысына (2020 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түріндегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6328 болып тіркелді) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген 2020 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормалары:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 10-1 жолымен толықтырылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны оның ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
2020 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 337
қаулысына
1-қосымша
10-1
Аммофос, маркасы 10:36
N-10, P-36
тонна
62 500
2 Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
«1» маусымдағы № 142 қаулысына
2-қосымша
№
Облыс атауы
Субсидия көлемі, теңге
1
Солтүстік Қазақстан облысы
6 725 074 000,0
Барлығы
6 725 074 000,0