О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 1 июля 2020 года № 148 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Жамбылской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 1 июля 2020 года № 148 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Жамбылской области»
- Атауы (қаз.)
- «Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 03.06.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2024 197366_704117.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24G0521008
- ЭКБ идентификаторы
- 197366
- Редакция идентификаторы
- 197366_704117
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:15
0 «Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:
реттік нөмірлері 206, 665-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 61-1, 61-2, 61-3, 61-4, 61-5-жолдармен толықтырылсын:
«
61-1.
Мүрделітөбе обалы қорымы (I-VI ғғ.)
археология
Абай ауылынан 700 метр батыс бағытта орналасқан
61-2.
Бөбек обасы
(ерте темір дәуірі)
археология
Көктал ауылынан солтүстік-батыс бағытта 4,5 шақырым қашықтықта орналасқан
61-3.
Оба
(ерте темір дәуірі)
археология
Жібек жолы ауылының солтүстік-батысында
1 шақырым қашықтықта, Базарбай ауылына барар тас жолдың сол жағында орналасқан
61-4.
Мәмбеттөбе обалары
(ерте темір дәуірі)
археология
Абай ауылынан 2 шақырым оңтүстік-шығыс бағытта, ауыл жолынан 20 метр қашықтықта орналасқан
61-5.
Төрткүл
(IX-XII ғғ.)
археология
Ақжар ауылының солтүстік-батысында 8,5 шақырым қашықтықта орналасқан
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 348-1-жолмен толықтырылсын:
«
348-1.
Жауғаш батыр ескерткіші
2006 жыл
монументтік өнер құрылысы
Меркі ауылы, Ә. Исмаилов көшесі, № 167А үйде орналасқан
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 712, 713, 714, 715, 716, 717-жолдармен толықтырылсын:
«
712.
Төле би ескерткіші 2013 жыл
монументтік өнер құрылысы
Төле би даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан
713.
«Қазақ хандығына 550 жыл» монументі 2015 жыл
монументтік өнер құрылысы
Тәуке хан көшесінің бойында орналасқан
714.
«Әулиеата» ескерткіші
2019 жыл
монументтік өнер құрылысы
Ә. Жангелдин көшесінде «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде орналасқан
715.
«Biz birgemiz» монументі
2020 жыл
монументтік өнер құрылысы
Жамбыл даңғылы бойында орналасқан
716.
«Қазақ халқына мың алғыс» монументі 2020 жыл
монументтік өнер құрылысы
Төле би даңғылы мен Сыпатай батыр көшесінің қиылысында орналасқан
717.
Ерте ислам дәуірінің мешіті (IX-XII ғғ.) және Керуен сарайы
(VIII-XII ғғ.)
археология
Төле би даңғылы № 35а
үйде орналасқан
».
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі