Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил проведения аккредитации удостоверяющих центров»

Бұйрық · № 349/НҚ · қабылданған 25.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2020-no-224-ekb-146999/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил проведения аккредитации удостоверяющих центров» Қолданыста Бұйрық ·№ 349/НҚ ·25.09.2020
25.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил проведения аккредитации удостоверяющих центров»

Қолданыста Бұйрық ·№ 349/НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил проведения аккредитации удостоверяющих центров»
Атауы (қаз.)
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
349/НҚ
Қабылданған күні
25.09.2020
Көрсетілген редакция
25.09.2020 146999_485851.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021356
ЭКБ идентификаторы
146999
Редакция идентификаторы
146999_485851
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:38

0 «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы

№ 224/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20815 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 маусымда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Куәландырушы орталықтарға аккредиттеуді жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Куәландырушы орталықтарға аккредиттеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және куәландырушы орталықтарға аккредиттеуді жүргізу тәртібін айқындайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қолданыстағы