Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил проведения аккредитации удостоверяющих центров»

Бұйрық · № 363/НҚ · қабылданған 30.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2020-no-224-ekb-172397/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил проведения аккредитации удостоверяющих центров» Қолданыста Бұйрық ·№ 363/НҚ ·30.09.2022
30.09.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил проведения аккредитации удостоверяющих центров»

Қолданыста Бұйрық ·№ 363/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил проведения аккредитации удостоверяющих центров»
Атауы (қаз.)
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
363/НҚ
Қабылданған күні
30.09.2022
Көрсетілген редакция
30.09.2022 172397_595905.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029960
ЭКБ идентификаторы
172397
Редакция идентификаторы
172397_595905
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:40

0 «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20815 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 1 маусымдағы
№ 224/НҚ
бұйрығымен бекітілген
Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері
қайтарып алу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және куәландырушы орталықтарды аккредиттеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ) – криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, шифрлау кілттерін құруды, қалыптастыруды, бөлуді немесе басқаруды іске асыратын бағдарламалық қамтылым немесе бағдарламалық-аппараттық кешен;

2 2) Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық.

3 3. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) куәландырушы орталықтардың Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарты болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде, көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында іске асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушыны зерттеп-қарауды көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен айқындалатын куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) жүзеге асырады. Комиссия көрсетілетін қызметті берушінің, техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органның және ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдерінен тұрады.

4

4. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді және www.gov.kz Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деген бөлімде орналастырады.

2 2-тарау. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру тәртібі

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

6

6. Көрсетілетін қызметті алушы куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес толтырылған өтініш нысаны бар Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

7 7. Көрсетілетін қызметті берушінің өтініші түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді іске асырып, жауапты құрылымдық құрылымдық бөлімшенің орындаушысына орындауға жолдайды (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші қызметкері).

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы тапсырған кезде «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тізім бойынша ұсынылған құжаттардың болуын тексереді.

9 9. Егер ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді.

10 10. Бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыны оны комиссия тексеру жүргізетіні туралы хабардар етеді. Комиссия тексеруін екі кезеңде: құжаттық және көшпелі нысанда өткізеді.

11 11. Көрсетілетін қызметті беруші хабарламаны жіберген күні көрсетілетін қызметті алушыға комиссияның көрсетілетін қызметті алушыны тексеруді жүргізетіні туралы комиссия мүшелеріне хат жолдайды.

12 12. Комиссия көрсетілетін қызметті алушыға хабарлаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың мазмұнына тексеру жүргізеді.

Егер жүргізілген болса, алдыңғы тексерістер нәтижелері бойынша актілермен танысады.
Ұсынылған құжаттардың сәйкессіздігі және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен мазмұнға сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы хаттамамен ресімделетін комиссия шешімі негізінде, портал арқылы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді.
Құжаттық тексеру нәтижелері бойынша бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға куәландырушы орталықтың инфрақұрылымы орналасқан жерде оны комиссияның көшпелі тексеру жүргізетіні туралы хабарлайды.
Көшпелі тексеруді комиссия оны жүргізу туралы хабарлаған күннен бастап алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушыны көшпелі тексеруді жүргізу кезінде комиссия аккредиттеуге берілген құжаттардың нақты жағдайға сәйкестігін айқындайды және мыналарды айқындайды:

1 1) тексерілетін көрсетілетін қызметті алушыда қолданылатын, пайдаланылатын АКҚҚ-тың Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығымен үйлесімділігі;

2 2) Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәлігінен көрсетілетін қызметті алушының АКҚҚ-ты пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті алушыны пайдаланушының тіркеу куәлігіне дейінгі тіркеу куәліктерінің дұрыс тізбегінің құрылуын тексеру;

3 3) көрсетілетін қызметті алушы шығаратын тіркеу куәліктерінде көрсетілетін қызмет беруші тіркеген объектілік сәйкестендіргіштердің болуы;

4 4) электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәліктерінің тізбектерін дұрыс құрылуын тексеру механизмі;

5 5) тіркелген объектілік сәйкестендіргіштер (ОID);

6 6) серверлік үй-жай;

7 7) пайдаланылатын байланыс арналары;

8

8) Қазақстан Республикасының уақыт бірлігінің эталонынан, позициялаудың спутниктік жаһандық жүйелерінен, жалпыға бірдей танылған халықаралық көздерден уақыттың ағымдағы мәні туралы цифрлық ақпараттың ұдайы берілуін қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешенімен аккредиттелетін көрсетілетін қызметті алушының уақытын үйлестіру рәсімі;

9 9) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелетін көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай есепке алу-есеп беру уақыты;

10 10) көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын қызметтер;

11 11) көрсетілетін қызметті алушының инфрақұрылымы (сертификаттау орталығы және тіркеу орталықтары);

12 12) физикалық негізгі және резервтік серверлердің болуы;

13 13) кері қайтарылып алынған тіркеу куәліктерінің тізіміне колжетімділік;

14 14) негізгі криптографиялық кілттерді қорғауға арналған негізгі және резервтік аппараттық-бағдарламалық кешендердің болуы;

15 15) серверлік үй-жайларға қойылатын талаптар:

үздіксіз қоректену көзінің болуы;
ауа баптау жүйесінің болуы;
серверлердің адам тұрмайтын үй-жайларда орналасуы;
серверлік үй-жай жабдығы 1,5 сантимерден кем емес мөлшердегі кондуитпен ғимараттың жерге тартылған жүйесінің негізгі электродымен қосылуы;
серверлік үй-жай төбесінің биіктігі 2,44 метрден кем болмауы;
хабарлаудың және өрт сөндірудің автоматты жүйесі;
серверлік үй-жайға кірудің шектелуі, кіруді бақылау;
серверлік үй-жайға жүргізілетін жұмыстардың тігілген журналының болуы.

13 13. Тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы акт (бұдан әрі – акт) жасалады, онда көрсетілетін қызметті алушының нақты жай-күйі, қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіледі.

Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Егер комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспеген және тексеру актісіне қол қоймаған жағдайда, ол себептерін негіздей отырып, көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді.
Тексеру актісі комиссия мүшелерінің қолдарының үштен екісі, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдары өкілінің қолы болған кезде қабылданды деп есептеледі.

14 14. Актіге сәйкес көрсетілетін қызметті беруші актіні қабылдағаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

15

15. Көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қолданылу мерзімі үш жыл көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысаны бойынша аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы аккредиттеу туралы куәлікті беруден дәлелді бас тартуды жібереді.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.

17 17. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін қызметті беруші куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы берілген куәліктердің тізілімін жүргізеді.

18 18. Аккредиттеу туралы куәліктің негізінде көрсетілетін қызметті алушы тіркеу куәлігін тіркеуден (қайта тіркеуден) өту үшін Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығына жүгінеді.

3 3-тарау. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу тәртібі

19 19. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

1 1) заңды тұлға (көрсетілетін қызметті алушы) қайта тіркелген, сондай-ақ қызметі тоқтатылған жағдайда;

2 2) куәландырушы орталықтарды пайдаланушыларға залал келтіруге әкеп соққан, осы Қағидалардың 21, 22 және 23-тармақтарында көзделген тәртіппен анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі жазбаша ұсынымдарды белгіленген мерзімдерде негізді себептерсіз орындамаған жағдайда жүзеге асырады.

20 20. Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға (көрсетілетін қызметті алушы) қайта тіркелген, сондай-ақ қызметі тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық рәсімдерді аяқтау үшін қажетті мерзімді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушіге хабарлама жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші хабарламада көрсетілген мерзім өткеннен кейін куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.

21 21. Осы Қағидалардың талаптарын бұзу туралы жеке және заңды тұлғалардан өтініш (шағым, арыз) түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан ақпаратта көрсетілген мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратады (талап етеді).

Осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактісін түсіндіруді және анықтауды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының бұзушылықты растауын қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің ұсынымын алған күнінен бастап 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бұзушылықтарды жою үшін мерзімді көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қарсылықтарымен (шағым, арыз) өз түсіндірмесін жолдайды, ал көрсетілетін қызметті беруші оны қарайды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының бұзушылықтарды жою бойынша пысықтауды жүргізу қажеттігі туралы түсініктемесін 60 (алпыс) жұмыс күнінен астам мерзімде алған жағдайда, бұзушылықтарды жою бойынша жеткілікті мерзім көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы келісім бойынша айқындалатын болады.
Көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы бойынша осы Қағидалардың талаптарын бұзу туралы түсіндірме 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынылмаған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы тарапынан бұзушылық фактісімен негізсіз келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны куәландырушы орталықтың инфрақұрылымын орналастыру орны бойынша комиссияның көшпелі зерттеп-қарау жүргізу күні мен нысанасы туралы хабардар етеді.
Көшпелі зерттеп-қарауды Комиссия оны жүргізу туралы хабардар етілген күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

22 22. Көшпелі зерттеп-қарауды комиссия жүзеге асырады.

Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) адамнан тұрады.
Көшпелі зерттеп-қарауды аяқтау нәтижелері бойынша акт жасалады.
Егер актіге хатшыны қоспағанда, оның мүшелерінің жалпы санынан кемінде 3 (үш) адам қол қойса, ол заңды деп есептеледі.
Осы Қағидалардың талаптарын бұзушылықтар болмаған кезде актіде тиісті белгі қойылады.
Осы Қағидалардың талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге акт бойынша қарсылықтарымен өз түсіндірмесін жолдайды, ал көрсетілетін қызметті беруші оны қарайды және көрсетілетін қызметті алушыға қарау нәтижелері туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші 60 (алпыс) жұмыс күнінен астам мерзімде бұзушылықтарды жою бойынша пысықтаулар жүргізу қажеттігі туралы акті бойынша қарсылықтары бар көрсетілетін қызметті алушының түсіндірмесін алған жағдайда, бұзушылықтарды жою бойынша жеткілікті мерзім көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.

23 23. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарды орындау туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарды орындау туралы ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жібереді.
Көрсетілген мерзімде ақпарат ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.

24 24. Куәландырушы орталықтардың жұмыс істеу шарттары мен функционалдығы өзгерген кезде көрсетілетін қызметті алушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге енгізілген барлық өзгерістер туралы ақпаратты жібереді.

Куәландырушы орталықтардың нақты сипаттамаларында сәйкессіздіктер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бұзушылықтарды жою, сондай-ақ куәландырушы орталықтың нақты жағдайын Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру жөніндегі ұсынымдарды жіберу туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынымнан туындайтын қажетті шараларды қабылдамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21, 22 және 23-тармақтарында көзделген тәртіппен куәландырушы орталықтардың инфрақұрылымын орналастыру орны бойынша комиссияның көшпелі тексеруі туралы шешім қабылдайды.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

25. Жеке және заңды тұлғалардан алынған ақпарат (өтініштер, арыздар, хабарламалар, шағымдар) негізінде жүргізілген зерттеп-қарау, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, жоғары тұрған мемлекеттік органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1 Куәландырушы орталықтарды

аккредиттеу туралы куәлікті беру және
кері қайтарып алу қағидаларына
1-қосымша
«Ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лық­тар­ды ак­кре­дит­теу» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
«Ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лық­тар­ды ак­кре­дит­теу»
2.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті.
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ту мер­зі­мі – өті­ніш­ті кең­се­де тір­ке­ген сәт­тен ба­стап 13 (он үш) жұ­мыс кү­ні
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (жар­ты­лай ав­то­ма­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лық­тар­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды және сақ­та­ла­ды.
Көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны: элек­трон­дық.
7.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
8.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс­кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) пор­тал – тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Ми­ни­стр­лік­тің – www.​gov.​kz/​mem​leket/entities/mdai ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) пор­тал­да ор­на­лас­қан.
9.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лық­тар­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру­ге өті­ніш:
ер­кін та­рал­май пай­да­ла­ны­ла­тын бағ­дар­ла­ма­лық құ­рал­дар­ға ли­цен­зи­я­лар­дың және/неме­се сер­ти­фи­ка­тар­дың кө­шір­ме­ле­рін, сон­дай-ақ өзі әзір­ле­ген жағ­дай­да ав­тор­лық құқық­ты рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған жағ­дай­да ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кест­ікке сы­нақ­тар нәти­же­ле­рі бой­ын­ша акт­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бе­кіт­кен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мо­дуль­де­рі­нің (құ­рам­бө­лік­те­рі­нің) өза­ра іс-қи­мы­лы­ның схе­ма­сын және қол­да­ны­ла­тын крип­то­гра­фи­я­лық түр­лен­ді­ру ал­го­ритмде­рі ту­ра­лы де­ректер және элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба үде­рі­сін іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі бас­қа да ба­стап­қы де­ректер (негіз­гі та­лап­тар) мен же­ке­ле­ген па­ра­метр­лер­ге және ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лық­қа қой­ы­ла­тын та­лап­тар бар элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба схе­ма­ла­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
се­ри­я­лық нө­мі­рі, мо­де­лі, өн­ді­ру­ші ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қо­са ал­ған­да, негіз­гі және ре­зерв­тік сер­вер­лер­дің, ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лық­тың негіз­гі крип­то­гра­фи­я­лық кі­лт­те­рін қор­ғаудың негіз­гі және ре­зерв­тік ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­де­рі­нің нақ­ты ор­на­лас­қан же­рі ту­ра­лы элек­трон­дық түр­де­гі мә­лі­мет­тер.
бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік са­я­са­тын;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы қыз­ме­ті­нің ре­гла­мен­тін неме­се қа­ғи­да­ла­рын;
тір­кеу ку­ә­лік­те­рін қол­да­ну са­я­са­тын;
ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лық ту­ра­лы ере­же­ні;
штат­тан тыс, дағ­да­ры­сты жағ­дай­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның аты­нан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кеу ку­ә­лік­те­рін сүй­е­мел­деу, әкім­ші­лен­ді­ру, шы­ға­ру жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ға ті­ке­лей қа­ты­сып, жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ра­тын жұ­мыс­кер­лер­дің іс-қи­мы­лы жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ақ­па­рат­тық ре­сур­ста­рын ре­зерв­тік кө­ші­ру ту­ра­лы нұс­қа­улық­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лы­мын ор­на­ту және жөн­ге кел­ті­ру жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­ты ре­гла­мент­тей­тін бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
ҚР СТ 1073-2007 «Ақ­па­рат­тық крип­то­гра­фи­я­лық қор­ғау құ­рал­да­ры. Жал­пы тех­ни­ка­лық та­лап­тар» бой­ын­ша қол­да­ны­ла­тын ақ­па­рат­ты крип­то­гра­фи­я­лық қор­ғау құ­рал­да­ры­на сәй­кест­ік сер­ти­фи­кат­та­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, осы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да және оның пай­да­ла­ну­шы­ла­ры қол­да­на­тын екін­ші дең­гей­ден тө­мен емес.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­де­ме­лер
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған жағ­дай­да;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған;
5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін өзге де негіз­дер бел­гі­ле­нуі мүм­кін.

2 Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлік беруге өтініш

Куәландырушы орталықтарды
аккредиттеу туралы куәлікті беру
және кері қайтарып алу
қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің Ақпараттық
қауіпсіздік комитетіне
Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлік беруге өтініш
_____________________________________________________________
__________
(куәландырушы орталықтың атауы, заңды мекенжайы, телефоны)
_____________________________________________________________
___________________
аккредиттеу туралы куәлік беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні 20 __ жылғы «___» ___________
Басшы _____________________
_________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

3 Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы № ____ куәлік

Куәландырушы
орталықтарды аккредиттеу
туралы куәлікті беру және
кері қайтарып алу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лi­гiнiң Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті
Ко­ми­тет по ин­фор­ма­ци­он­ной без­опас­но­сти Ми­ни­стер­ства циф­ро­во­го раз­ви­тия, ин­но­ва­ций и аэро­кос­ми­че­ской про­мыш­лен­но­сти Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан
Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы № ____ куәлік
Осы куәлік:
________________________________________________________________
_______________,
(заңды тұлғаның атауы)
______________________________________________________ мекенжайы
бойынша берілді,
(заңды тұлғаның мекенжайы)
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті
______________________________________
куәландырушы орталықтарды тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде,
Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларына
сәйкес____________________________________________ аккредиттелді деп
танылсын.
Осы куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу
мерзімі берілген күнінен бастап 3 жылды құрайды және Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Лауазымы ТАӘ

Қолданыстағы