О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил выдачи и отзыва свидетельства об аккредитации удостоверяющих центров»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил выдачи и отзыва свидетельства об аккредитации удостоверяющих центров»
- Атауы (қаз.)
- «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 155/НҚ
- Қабылданған күні
- 17.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2023 180074_628253.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032341
- ЭКБ идентификаторы
- 180074
- Редакция идентификаторы
- 180074_628253
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:47
0 «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20815 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыны тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде, осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушыны тексеруді куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) жүзеге асырады, оның құрамы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен айқындалады. Комиссия көрсетілетін қызметті берушінің, техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органның және ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдерінен тұрады.».