Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил выдачи и отзыва свидетельства об аккредитации удостоверяющих центров»

Бұйрық · № 155/НҚ · қабылданған 17.04.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2020-no-224/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил выдачи и отзыва свидетельства об аккредитации удостоверяющих центров» Күшін жойған 12.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил выдачи и отзыва свидетельства об аккредитации удостоверяющих центров»

Күшін жойған Бұйрық № 155/НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 224/НҚ «Об утверждении Правил выдачи и отзыва свидетельства об аккредитации удостоверяющих центров»
Атауы (қаз.)
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
155/НҚ
Қабылданған күні
17.04.2023
Көрсетілген редакция
12.07.2026 180074_834445.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032341
ЭКБ идентификаторы
180074
Редакция идентификаторы
180074_834445
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:50
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 17.06.2026 № 324/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 224/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20815 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыны тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде, осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушыны тексеруді куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) жүзеге асырады, оның құрамы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен айқындалады. Комиссия көрсетілетін қызметті берушінің, техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органның және ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдерінен тұрады.».

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.