О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Карабулакского сельского округа Сайрамского района Туркестанской области от 1 июля 2020 года № 36 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Карабулак Карабулакского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Карабулакского сельского округа Сайрамского района Туркестанской области от 1 июля 2020 года № 36 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Карабулак Карабулакского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 36 «Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Ахмаров көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 01.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.10.2020 147106_483830.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UJJ05823
- ЭКБ идентификаторы
- 147106
- Редакция идентификаторы
- 147106_483830
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:31
0 Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 36 «Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Ахмаров көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №08-02-03/334 ұсынысын қарай келе, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылының Ахмаров көшесінде шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2
2. Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №36 «Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Ахмаров көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5685 болып тіркелген, 2020 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау бланкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.