О внесении изменений и дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 364/НҚ «Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов на технологическое развитие отраслей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 364/НҚ «Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов на технологическое развитие отраслей»
- Атауы (қаз.)
- «Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 364/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 74/НҚ
- Қабылданған күні
- 16.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2024 193452_686381.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034011
- ЭКБ идентификаторы
- 193452
- Редакция идентификаторы
- 193452_686381
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:10
0 «Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 364/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 364/НҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21361 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларына:
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және мәлімделген және (немесе) сабақтас салаларда технологиялық бизнесті жүргізу, бизнесте жаңа ғылыми және техникалық білімді қолдану тәжірибесі бар кемінде 3 (үш) жыл және өтінім беру күніне соңғы 3 (үш) жылда салық бойынша аударымдарының үдемелi қорытындысы бар;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидасындағы 1-қосымшада:
Экономика салаларында және қоғамның тіршілік әрекетінде қолданылатын жоғары өнімді технологиялар» бөлімінде мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Әлеуметтік инновациялар.».
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновацияларды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі